ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

19:08, 14 тамыз 2019

Елбасы бастамасымен қолға алынған «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы әлі де өміршең. Аққулы ауданының орталық ауруханасына 5 дәрігерді күтіп отыр. Олардың қатарында – эпидимиолог, терапевт, хирург секілді тапшы мамандар бар. Жас мамандар жәрдемақы және баспанамен қамтамасыз етіледі. Мәселен жоғары оқу орнын тәмәмдаған Мәдина Айтқұлова жақында жайлы баспанаға қол жеткізді.

Мәдина Айтқұлованың мамандығы акушер-гинеколог. Ол Семей медициналық академиясының түлегі. Еңбек жолын туған жері Аққулы ауданында бастауды ұйғарған. Бұл ретте «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының көмегі зор болды дейді, жас маман.

Мәдина Айтқұлова, жас маман:

Мен 2014 жылы оқуды аяқтағаннан кейін, резидентураға түстім. 2017 жылы аяқтап, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өз еліме жұмыс істеуге келдім. Қазіргі таңда ауруханада акушер-гинеколог дәрігері болып жұмыс істеп жатқаныма екі жыл болды. Жұмысым өзіме қатты ұнайды. Менің ойымша, өз мамандығын сүйетін адам ауыл немесе қала болсын барлық жерде жұмыс табады. Әр салада, әр жерде жақсы жағына назар аудару қажет. Мен бұл жерде үлкен тәжірибе жинаудамын.

Бағдарлама шарттары жас маманның көңілінен шықты. Келген беттен 70 айлық көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақыға қол жеткізді. Сондай-ақ, жергілікті әкімшілік тарапынан 500 мың теңге ақшалай сыйақы алған. Дәрігер жаңадан салынған 3 бөлмелі жалдамалы баспанаға да ие болды. 

Мәдина Айтқұлова, жас маман:

Жұмыс әрине өте қиын. Үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бір адамның өміріне ғана жауап бермейсін. Сенің мойныңда ана мен нәрестенің өмірі және денсаулығы тұр.

Мәдина өз еңбегінің нәтижелі боларына сенімді. Өйткені ол үшін туған жерінде қызмет ету бәрінен де қымбат.

Жанат Оңғарбай, ауыл тұрғыны:

Дәрігер келгелі, мен өзім уақытылы қабылдауында боламын. Өз жұмысына тыңғылықты қарайды және ауыл тұрғындарының денсаулығына тыңғылықты мән береді. Бірінші кезекте озінің жұмысын алға қояды. Біз дәрігерге өте ризамыз.

Жалпы «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биылғы жылы аудандық ауруханаға бес жас маман келеді деп күтілуде. Аққулы ауданы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге кепілдік береді.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
16:57, 29 қараша 2019
14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ
Толығырақ...