Дәстүрлі Абай және Шәкәрім оқулары биыл да өз жалғасын тапты

Павлодар қалалық нөмірі 35-інші жалпы орта мепктебінде дәстүрлі Абай және Шәкәрім оқулары биыл да өз жалғасын тапты. Жыл сайын тамары тереңдеп, қатысушыларының саны жағынан да, сапасы жағынан да күшея түскен бұл шараның қалалық кезеңіне биыл 100-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

18:15, 16 наурыз 2017   76

Дәстүрлі Абай және Шәкәрім оқуларының мәні мен маңызы күн санап артып келетіндігін айту керек әуелі. Өйткені, уақыттың күн санап құбылып, ұлтымыздың қайнар көзіне әр түрлі арналардың өзге ұғымдары құйыла бастағандығы жасырын емес. Жаһандану дауылы қай халықтың болмасын тамырынан сілкіп, шайқалтуға тырысуда. Адамды осындай тамырсыздандыру дертінен тек қана Абай мен Шәкәрімнің  кәусәр жырлары ғана құтқарып қалары анық. Сондықтан болар, Абай және Шәкірім оқуларының қатысушылар тілдік ортасына қарай бөлінбейді. 

МЕЙРАМ НҰҒЫМАН, Павлодар қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі

Қатысушылар үш аталым бойынша бақ сынайды. Соның бірі қазақтың қос данышпан ақындарына арнау өлең аталымы. Бұл аталым бойынша нөмірі 35-мектептің 10-сынып оқушысы Шыңғыс та келіп отыр. 

ШЫҢҒЫС ЖЫЛҚЫБАЙ, Павлодар қалалық №35 орта мектебінің оқушысы

«Өлең сөздің паташсы –сөз сарасы» аталымы бойынша Абай мен Шәкірімнің ақылман өлеңдерін жаттап, ойларына тоқыған жас өрендер бақ сынайды. Солардың бірі өз мектебінен дара шауып, Абайдың 70-ке жуық өлеңін жүрегіне сақтап келген –Жадыра Шәкірова. Ол осы 70 өлеңмен қатар «Ескенді», «Масғұт» поэмаларын да жатқа біледі.

ЖАДЫРА ШӘКІРОВА, Павлодар қалалық №35 орта мектебінің оқушысы

Абай мен Шәкәрімнің халыққа кеңінен таныс әндерін орындаушылар да өз бұл шара да өз бақтарын сынады. Байқағанымыз: қатысушылардың құрамы кеңейген, өзге ұлттардың Абай әндеріне қадір тұтады. Қалалық кезеңде әр аталым бойынша жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алады. Одан әрмен Абай мен Шәкәрімнің жолын қуған дауылпаз жастарды республикалық кезең күтіп тұр.

 

«Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ресми сайты

140006, Павлодар қаласы, Сұрағанов көш., 21 үй Байланыс телефондары: 8 (7182) 33-90-26