ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДЕСАНТШЫЛАР ЕЛ ҚОРҒАНЫНДА

17:11, 5 маусым 2019

Қазақстан қарулы күштерінің десанттық-шабуылдау әскерлері Жоғарғы Бас қолбасшысының резерві. Олар, әскери және саяси жағдайлардың күрт өзгеруі кезінде дағдарысты жедел шешуге дайын. Басты міндеттері - мемлекеттің ұлттық мүддесін қорғау. Талдықорғандағы 18404 әскери бөліміне барып қайтқан тілшіміз элиталы әскери құрылыммен танысып қайтты.

Қазақстанның десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің тарихын айтып өтер болсақ, 2000 жылы 35-і гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригада негізінде Қазақстан қарулы күштерінің мобилді күші құрылды. Үш жылдан кейін Әуе қорғанысының аэромобилдік әскері болып өзгерді. Бүгінде десантшылар Талдықорған түбіндегі 18404 әскери бөлімде дайындалады.

Талғат Өзихан, 37-десанттық шабуылдаушы бригадасы командирінің орынбасары:

Моралдық-психологиялық жағынан және осы әуе десанттық комплексінде секіруге дайындалу жағынан белгіленген офицерлер, сержанттар оларға дайындық жүргізеді. Және де басқа әскерлердегідей жалпы саптық дайындық, жарғылардан әскери қызметтің күнделікті өміріне шыңдалуынан даярлық жүргізіледі.

Десант болу да оңай емес. Оған тек бойы 175 см-ден кем болмайтын аяқ қолы балғадай, мығым жігіттер таңдалады. Өйткені, жүктелетін міндеттің жүгі де ауыр.  Олар, елде және сырт жерлерде де бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттерін орындауға қатыса алады. Негізгі жаттығулары парашютпен секірудің алғы шарттарын үйрену. Оны да бірнеше сатылары бар. Соның бір сатысынан біз де өтіп көрдік.

Есенбек Санатұлы, тілші:

Секірердің алдында тағыда бір мәрте үстіңіздегі парашюттардың тетіктерін бір қарап шыққаннан кейін, дайын екеніңізді білдіріп белгі бересіз. Содан кейін секіруге болады. Парашютпен секіргеннен кейін, біраз уақыттан кейін тартып ашасыз. Егер, негізгі парашют ашылмаған жағдайда қосалқы парашютты ашуға болады.

Бірінші сатыны меңгергеннен кейін келесі жаттығулар күрделеніп, секіретін кезең биіктей береді.

18404 әскери бөліміндегі десантшылардың қатарынан жерлестерімізді де кездестірдік. Аққулы ауданының тумасы Қолғанаттың әскер қатарына алынғанына жеті айға жуықтаған. Сарбаз біз арқылы елге сәлем жолдады.

Қолғанат Серікбай, десантшы сарбаз:

Аққулы ауданы Шабар ауылы. Келгеніме алты-жеті ай болды. Ауылдағы туған туысқандарыма, көршілеріме, жалынды сәлем. Аман-есен ораламын құдай бұйырса, Алла жазса.

Мықты дайындықтан өтетін десантшылар бейбіт және соғыс жағдайында қауіп төнген бағыттар мен аудандарға шұғыл жетуге және кенеттен туындаған тапсырмаларды орындауға әрдайым дайын тұрады.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар