ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ РЕТТЕУ

15:08, 20 маусым 2019

Облыс халықын сапалы және қауіпсіз дәрі-дәрмек препараттарымен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Денсаулық сақтау министрілігі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер енгізген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтылды.

Қазақстандағы рецептімен босатылатын дәрі-дәрмектердің 50%-ы дәрігердің тағайындауынсыз сатылады және шамамен 10%-ы жалған өнім болып шығады. Бүгінгі таңда елімізде дәрілердің 7748 түрі тіркелген. Олардың 6114-і дәрігердің белгіленген рецептісімен босатылады. Ал, 1634 түрі рецептсіз жіберіледі. Облысымызда препараттарды дәріханаларда беру ережелері бойынша жұмыстар бақылауға алынған.

Ирина Сорокина, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

Дәрі-дәрмектердің сапасы мен қауіпсіздігін күшейту мақсатында кейбір заңңамалық актілерге өзгертулер енгізілді. Сондай-ақ, препараттарды рецептпен босату және жалған рецептермен күрес жұмысы күшейтілді. Себебі міндетті түрде әр адам дәрігер берген рецепт бойынша ем қабылдауы керек. Өкінішке қарай, науқас береген рецепті де дұрыс оқымайды. Заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілгеннен кейін, шілде айында азаматар үшін қолжетімді бағаларды реттеу жұмыстары жүргізіледі.

Препараттарды рецептсіз босатуды аса бақылауға алу жұмыстары күшейтілген. Себебі, дәрілерді дәрігер бақылауынсыз қолдану азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді. Сонымен қатар, препараттарды рецептімен босату және шекті бағалары туралы ақпаратты арнайы DARIKZ мобильді қосымшадан білуге болады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар