ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ДЕРБЕС ҚЫЗМЕТ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

19:40, 8 қараша 2019

Май ауданында дербес қызмет алаңы ашылды. Бұл алаң тұрғындармен мен билік арасындағы ашықтық пен қолжетімділіктің дәлелі.

Мұндай орталық аймақтың үш қаласында жұмыс жасайды. Ал аудандар арасында алғашқы болып Май ауданы жүзеге асырды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әкімдер жеке қабылдау өткізгенімен, ендігі уақытта азаматтар түрлі профильдегі мамандардың қызметтерін «бір терезе» қағидасы арқылы ашық әрі кедергісіз алады. «MAINFO» қызмет алаңында аудандық  білім беру, жер мәселесі, т.б. сала мамандары қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау бөлмесінде балалар бұрышы бар.

Тоқтамыс Жұмағұлов, облыстық мемлекеттік қызмет істері  департаментінің басшысы:

Бүгін аудандарыңызда өте үлкен шара өткізілуде.  Оның басты мақсаты – мемлекеттік қызметтің ары қарай жетілуіне байланысты. Оның ішінде осы ашық әкімшілік. Халыққа жақсы жағдай жасайды деп ойлаймын. Ең бастысы мемлекеттің халықпен жұмыс жасаудың ашықтығын көрсетеді. Екіншіден, осы азаматтарға дұрыс жағдай жасау. Сондықтан тұл қағаз жүзінде қалып қоймай, осының бірін біз іске асыруға міндеттіміз деп ойлаймын.

Халыққа қызмет жабық кабинетте емес, ашық алаңда көрсетіледі. Аптаның  Мақсат – әр тұрғын өзін толғандырған сұрақтардың жауабы мен қызметтерді қолжетімді және сапалы түрде алуы тиіс.

Марат Ақтаев, Май ауданының әкімі:

Бұл жаңағы ашық әкімшілік дейміз. Ең басты мақсат – президенттің жолдауында да айтылған халыққа жақын болу керек деп. Осы халықтың мүң мұқтажын естіп, халыққа қызмет көрсету. Енді басты мәселелер жұмыс жағдайы, тұрғын үй жағдайы, бизнестің де дамыту жағы. Осы енді өзекті мәселелердің бірі.

Қазіргі күні республика бойынша 400-ден астам осы секілді фронт-кеңселер халыққа қызмет көрсетеді. Май ауданының орталығы Көктөбе ауылында ашылған орталыққа 3400 тұрғын өз мәселесімен жүгініп, оны шешуге мүмкіндіктері бар. Аудан әкімінің айтуынша, орталықтың ашылуына көп қаражат жұмсалмаған. Енді мұндай игі іс ауданның басқа да ауылдарында жүзеге асыру жоспарда бар.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...