ШҰҒЫЛ! ПАРЛАМЕНТТІК АССАМБЛЕЯНЫҢ 49- ОТЫРЫСЫ АЯҚТАЛДЫ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР «OPEN PAVLODAR» ОРТАЛЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

19:37, 6 ақпан 2019

Павлодарда өткен жылдың желтоқсан айында жаңа «OPEN PAVLODAR» фронт кеңсесі ашылған болатын. Бұл кеңсенің басты басымдығы – «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету. Өңірімізге келген Парламент Мәжілісінің депутаттары оның жұмыс барысымен танысты.

«OPEN PAVLODAR» фронт-кеңсесінде 5 қызмет көрсету залы жұмыс істейді. Цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Өңірімізге іс сапармен келген Мәжіліс депутаттары орталықтың жұмысымен танысып, өз ойларын білдірді.

ГҮЛЖАН ҚАРАҒҰСОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ

Әр тоқсанның соңында біз өңірлерді аралап, ондағы жұмыс барысымен танысамыз. Өз басым Астанада опен әкімдік орталығын көрмедім. Шынымен де қуантарлық жәйт. Қуантарлығы сол, азаматтар өздеріне қажетті барлық қызметтерді бір жерден еркін ала алатын болды.

«OPEN PAVLODAR» кеңсесінде алты мемлекеттік орган орналасқан. Олар 29 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Қандай да бір ақпараттарды алу үшін арнайы интерактивті жүйесі бар touch панелі де қарастырылған. Ғимаратта азаматтар өздігінен жұмыс істеу үшін моноблоктар мен принтерлер орнатылған.

АЛМАТ РАХЫМТАЙ, ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР МОНИТОРИНГІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ТАЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Осы жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызмет көрсету залына 19 мыңға жуық адам өтініш білдіріп, қажетті қызметті алды. Сандық ХҚКО залына 10 мыңға жуық адам электрондық форматта қызмет түрін  алып, сондай-ақ, мобильді азаматтар базасы мен жеделхат бойынша кеңес алды.

Мәжілісмендерге сондай-ақ, сандық қызметтер залында  бірінші басшыларға бейне үндеуді қалай жазуға болатынын көрсетті. Павлодарда бұл сұранысқа ие  қызмет түрі деп атап өтті фронт-кеңсе мамандары.

Автор: Марина Сахарова

Тақырып бойынша материалдар

Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
20:07, 19 сәуір 2019
Қ.СӘТБАЕВТЫҢ 120 ЖЫЛДЫҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
20:06, 19 сәуір 2019
«ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН» АТТЫ АКЦИЯ ӨТТІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
20:04, 19 сәуір 2019
ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫНА ЖАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
10:42, 16 сәуір 2019
2 АЙДАН СОҢ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСЕДІ
Толығырақ...