Депутаттар мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысын талқылады

18:44, 8 қыркүйек 2017

Өңірімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 691 адам жұмыспен қамтылған. Ал жастар практикасы бойынша жыл басыннан бері 290 жас екі қолға бір күрек тапқан. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында өткен депуттаттық фракцияның отырысында белгілі болды.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қазіргі уақытта 408 адам техникалық және кәсіби мамандарды даярлау курстарынан өткен.  Бүгінгі күнде оларды тұрақты жұмыспен қамту мәселесі қарыстырылуда. Жалпы бұл бағыт бойынша мыңнан  аса тұрғынды  оқыту жоспарланған.

Ал  халықты жұмыспен қамту және еңбек күшін тартуға арналған 3 бағыт шеңберінде өңірімізде 691 адам жұмыспен қамтылған.  Жастар практикасы бойынша 290 жас екі қолға  бір күрек тауып, еңбек етуде.  Жыл басынан бері ұзын саны 10 373 адам  еңбекке тартылды.

ГҮЛНАР КАМАЛОВА, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары

Ал  «Бизнес бастау» жобасы арқылы осы жылы 485 адам кәсіпкерлікті бастаудың алғашқы сатылары туралы білім алып шыққан. Бүгінде 127 адам  аталмыш жобада білімін жетілдіруде.  Кәсіппен  айналысам деген тұрғындарға түрлі қаржылық ұйымдар арқылы 150-ге тарта  шағын несиелер берілген.  Бұл жұмыстардың жүзеге асыруын ««Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы бақылауға алған.

ҚАБЫЛҚАҚ ҚАПЕНОВ, облыстық мәслихаттың депутаты

Сондай-ақ,  аталмыш бағдарламаның аясында тұрғындарды еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстік аймақтарына қоныстандыру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы бұл бағыт бойынша Павлодар облысына  42 отбасы,  яғни, 189 адам көшіп келген. Бүгінгі таңда олар жұмыспен қамтылып, баспанамен беру жайы да  қарастырылып жатыр.   

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді
20:15, 23 қараша 2017
Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқ...
Толығырақ...
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қысқа дайындығын тексерді
19:36, 23 қараша 2017
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті
19:08, 17 қараша 2017
Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқ...
Толығырақ...