ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

ДЕПУТАТТАР ЕТ КОМБИНАТЫНА БАРДЫ

17:30, 6 қаңтар 2020

Өңірімізде жүрген мәжіліс депутаттары Жаңа ауылдағы «Абай» кәсіпорынында болды. Халық қалаулылары бұл жерде қайта өңдеудің толық циклімен танысты. Сонымен қатар, ҚазАгроҚаржы мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие беру мәселелерін талқылады.

Мәжілісмендер еуропалық өндірушілердің заманауи жабдықтарымен және әлемдік стандарттарды сақтай отырып автоматтандырылған технологиялық үдерістерімен танысты. Жабдықтың техникалық сипаттамаларына сәйкес, комбинаттың өндірістік қуаты жылына 100 мың тоннадан кем болмайды. Қазіргі таңда кәсіпорында 65 адам жұмыс істейді. Айына 1500 мың тонна ет өңдейді. Тоңазытқыштардың жалпы жүктемесі 1200 мың тонна. Дайын өнімнің басым бөлігі өзге елдерге шығарылады. Солардың ішінде Ресей, Қытай, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен жеткізілім шарттары бар. Ішкі нарыққа өте аз өнім шығарылады.

Нұржан Әшімбетов,  парламенті мәжілісінің депутаты:

Осы кешенде барлық жағдайлар жасалған. Осында 150 бас қара мал, 250 бас тәулігіне ірі мал қой соятын жағдайлар бар. Бүгінгі күні кәсіпорын экспортқа шығаратын шарттарға отырды. Енді бізге малдың санын көбейту үшін, осы кәсіпорынға шикізат толтыру үшін шаруашылықтарды дамуытымыз керек.

Қазіргі таңда ірі қара малдың тірі салмағының бір келісі 650 теңгеден 800 теңгеге дейін, ал сойылған мал етінің 1 келісі 1300 теңгеден. Малды сою мен етті экспортқа дайындауға байланысты барлық технологиялық үрдіске үш күндей уақыт жұмсалады. Мамандардың айтуынша, вакуумды қаптамалардағы мұздатылған ет бір жылға дейін сапасын жоймайды.

Евгений Цхай, ет өңдеу комбинатының бас директоры:

Бізде 10 мың бас бір реттік қызмет көрсетуге арналған бірінші санаттағы бордақылау алаңы бар. Қазіргі уақытта бізде 3 мыңға жуық мал басы орналасқан. Биыл кем дегенде 30 мың тонна сиыр етін сату жоспарлануда. Себебі Қытайдың өзіне 22 мың тоннаға келісімшарттар бар, яғни ет өнімдерін жеткізу үшін.

«Қазагромаркетинг» АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, аймақта экспортқа бағытталған ет өнімдерін өндіру көлемі артып келеді. Бүгінгі күні өңірде 55 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар