ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ДЕМЕУШІЛЕР КӨМЕК КӨРСЕТТІ

11:37, 30 шілде 2020

Демеушілер ауыр жағдайға тап болған адамдарға әлеуметтік және материалдық көмек көрсетуде. Мәселен, бүгін павлодарлық демеушілер Павлодардағы дағдарыс орталықтарына қызанақтар үлестірді.

Бұл орталықта қазір 25 адам бар. Оның сегізі әйел адам болса, 17-сі балалар. Әйелдердің басым бөлігі көп балалы. Бүгін Павлодарлық демеушілермен олар тұратын орталыққа көмек көрсетілді.

Шынар Қайырова, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі:

Осындай орталықтарға 10 қораптан қызанақ таратылды. Бұның бәрі демеушілердің есебінен. Сонымен қатар, 20 отбасы бір жәшіктен осындай көмек алады. Қаламызда «Ұлттың болашағы» қоғамдық бірлестігіне 50 жәшік жеткізіледі.

Осылайша, 2 тоннадай қызанақ аталмыш орталықтарға таратылды. Орталық қызметкерлері ұсынылып жатқан көмекке дән риза. Сөздерінше, бұндай көмек оларға жиі көрсетіледі екен.

Светлана Гринченко, балалары бар әйелдерді  әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу орталығының психологы:

Бізде орталықта 25 адам тұрады қазір. Демеушілермен бізге көмек жиі көрсетіледі. Еріктілер, қала тұрғындары жиі көмекетеседі.

Мында қиын жағдайды бастан кешкен нәзік жандар осы орталықтан орын тауып, қазір балаларын тәрбиелеуде. Қолұшын беріп, көмек көрсететін жандарға алғыстары шексіз.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...