Cіз жедел жәрдем дәрігерлері мен жол полицейлерінің көліктеріне жол бересіз бе?

18:15, 11 қыркүйек 2017

Cіз жедел жәрдем дәрігерлері мен жол полицейлерінің көліктеріне жол бересіз бе? Әрине, «иә» деп жауап беруіңіз мүмкін. Кейде санаулы минуттар адам тағдырын шешетіні белгілі. Осыған орай жол полициясы қызметкерлері рейдттік шара өткізді. Мұндағы мақсат — павлодарлық жүргізушілердің жолдағы тиісті ережелерді қаншалықты сақтайтынын анықтау. Ереже бұзушыларды анықтап, ұстау мақсатында науқасы жоқ медицина көлігі көше бойымен көгілдір-қызыл шамдарын қосып жүріп өтті. Маршрут бойынша бірнеше жол полиция көліктері тұрды. Жедел жәрдем көлігінің ішінде полиция қызметкері отырып, жол бермеген көліктер туралы рация арқылы хабарлап отырды.

Жол полицейлері ілескен жедел жәрдем көліктері бір жарым сағат бойына қаланың көшелерін кезді. Мысалы, арнайы көлік шаһардағы орталық көшелердің бірі «Кутузовтан» бастап «Дачный шағын ауданына дейінгі аралықты кедергісіз жүріп өте алмады. Айналасы жарты сағаттың ішінде жедел-жәрдем көлігіне жол бермеген, жүргізуші ұсталды. Инспектордың белгісіне бірден тоқған азамат, ереже бұзғанын мойындап, хаттамаға қол қоюға да дайын екенін жеткізді. Ал, ауруханаға жеткенше жедел жәрдем көлігі осы іспеттес талай кедергіге тап болады дейді,-жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі Қуандық Қожахметов.

ҚУАНДЫҚ ҚОЖАХМЕТОВ, жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі

Жедел жәрдем көлігінде отырған полиция қызметкерлері заң бұзушы жүргізушілердің әрекетін көзбен көріп, заң шеңберінде арнайы әкімшілік шара қолданды. Тәртіпке бағынбаған жүргізушілер 5 АЕК айыппұл төлеуіне тура келеді.

 АРМАН ҚАПТАЕВ, ІІД ЖПҚ жол қозғалысын бақылау бөлімінің басшысы

Бұндай рейдтердің басты міндеті – автокөлік жүргізушілеріне дабылы қосылған арнайы көліктерге жол беруді үйрету. Себебі, науқастан шақырту алған жедел жәрдем қызметкерлерінің әр минуты қымбат. Жүргізушілердің жедел жәрдемге жол бермеуінен қанша адам өмірі қиылды. Сол себепті полиция, медицина, өрт сөндіру көліктеріне жол беріп жүргейсіз!

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жылда ел тұрғындары  4 күн демалады
17:04, 21 қараша 2017
Жаңа жылда ел тұрғындары 4 күн демалады
Толығырақ...
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
16:43, 20 қараша 2017
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
16:04, 20 қараша 2017
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
15:27, 15 қараша 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
15:13, 15 қараша 2017
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
Толығырақ...