ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

ЦИРК ЖОЛДА ҚАЛДЫ

19:25, 11 шілде 2020

Елде карантин басталғалы бері Мәскеу циркі еліне қайта алмай жүр. Олар бір ай уақыттан аса Павлодар облысында тұрақтады. Енді цирк әртістері Мәскеуге қашан және қалай жететіндерін білмей отыр. Өнер көрсететін жануарларды тамақтандыру күн өткен сайын қиындай түсуде. Бұл мәселені шешуге кімдер араласты? Оларға көмек қолын созып жатқан жандар бар ма?

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Успен ауданының орталығында Мәскеулік цирк бір ай бойы тұрақтауда. Бұнда 5 аю, 14 ит бар. Олар Қарағандыда өнер көрсетулері керек болатын. Бірақ пандемия жоспарды өзгертті. 

Иә, жоспар бойынша бұл аюлар мен иттер ерекше қойылымның кейіпкері болуы тиіс. Қазақстанға іс-сапармен Мәскеулік цирк өткен жылдың қазан айында келген. Пандемия салдарынан өнерпаздардың жартысы елдеріне кетіп үлгерді. Ал жануарлар мен олардың иелері біздің аймақта қалып қойған.

Марина Герасимова, цирк жаттықтырушысы:

Алматыда өнер көрсеттік. Қарағандыға келген кезде карантин басталды. Үш ай Қарағандыда болдық. Шығуға мүмкіндік болмады. Бізді өнер көрсетуге шақырған адамда ақшасы болмай шықты. Ол кісіге сеніп, Ресейге жетпейтінімізді түсіндік. Жолға ақырындап шыға бастадық. Қазір кезіккен адамдар көмектесіп жатыр.

Хайуанаттардың бір айлық тамағына жарты миллион теңгеден астам қаржы керек. Қонақтар бас кезінде азық-түлікті өз ақшасына алған. Алайда қалтасының түбі көріне бастаған. Азықпен көмектесіп жатқан жандар өте көп, дейді әртістер. Бір күннің ішінде павлодарлықтар 500 мың теңге қаражат жинапты. Бұл сомма жол шығынын өтейді.

Мария Гребенкина, «Сердца Павлодара» ҚҚ жетекшісі:

522 мың теңге жиналды. Бұл ақшаны цирк әкімшілігіне бердік. Сәбіз, жем әкелдік. Бүгін тағы азық-түлік алып келдік. Елдеріне қайтулары керек болған, бірақ Ресейде хайуанаттарды ұстайтын жер жоқ екен. Бұрын жалдап тұрған. Менің сұрағым, егер олар Ресейге керек болмаса, неліктен Қазақстанға алып қалмаймыз? Өздері де қарсы емес. Билік бұл мәселені қарастырса екен.

Жергілікті шаруа қожалық басшысы уақытша қойманы тұрақтауға рұқсат етіпті. Олардың денсаулығына төнген қауіп жоқ.

Сейтенәлі Абзалов, шаруа қожалық басшысы:

Маусымның басында бұлар Успенкаға келген. Мен осында жайғАстырдым. Сол уақыттан бері тұрып жатыр. Адамдарды жайғастырайын деп едім, оған көнбей, жануарлардың қасында болайық деді. Қасында, буткада.

Жануарлардың жағдайы жаман емес. Герасимовтар отбасы хайуанаттарға өз балаларындай қарайды. Сондықтан,  оларды тастап елге қайтпаймыз, деп отыр.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...