ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ТЕЛЕАРНА

11:20, 20 қаңтар 2020

Май ауданы бойынша 2019 жылғы 285 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Ал, елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде сандық телевизиялық абонеттік қабылдағыштар қандай отбасыларға тегін орнатылды?

Өткен жылдың шілде айынан бастап аналогтық жүйе арқылы телеарна өз жұмысын тоқтатып, цифрлы хабар тарату жүйесі енгізілгені белгілі. Жаңа телевизиялық арна қосылғаннан ауыл-аймақтағы тұрғындарға 10-нан аса отандық арналар қолжетімді болды. Мемлекеттік бағдарлама Май ауданында жоғары қарқынмен дамып, жергілікті тұрғындар жаңа хабар тарату жүйесіне қол жеткізді. Және атаулы көмек алатын тұрғындарға тегін құрылған.  

Гүлжан Ибрайкина, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламлар бөлімінің басшысы:

ҚР «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде халықты цифрлық байланысқа қолжетімділігін арттыру мақсатында Май ауданындағы 11 селолық округтер бойынша 69 отбасылар, оның ішінде 20 көпбалалы отбасыларға цифрлық арна орнатылды.

Біз ауданның шалғай жердегі Май ауылдық округіне барып, цифрлық арна жүйесінің хабар тарату және сапасымен таныстық. Жалпы, ауылда 560 тұрғын бар. Жергілікті халық жаңа цифрлық арнаға көшті. Ауылдағы 2 отбасыға тегін берілген. Олардың бірі көпбалалы, бірі жалғыз басты ана.

Анар Дүйсенбаева, Май ауылдық округі әкімі:

Қолжетімді деп ойлаймын, осы телевидение ғой. Біз ауданның ең шалғай ауылдарына жатамыз. Сондықтан, біздің ауыл тұрғындарына өте қолайлы деп ойлаймын. Өйткені, бізде аз қамтылған, көп балалы, жалғыз басты зейнеткерлер бар, солар үшін өте қолайлы.

Ирина Захарова, Май ауылдық округінің тұрғыны:

Маған жұмыспен қамту орталығынан цифрлық арна құрып берді. Зор алғысымды білдіремін. Мені қолдағандарына рахмет, бұрын тек үш арна көретінмін, қазір 11 арнаны тамашалаймын, сапасы да өте жақсы.

Қуантарлығы бүгінде жаңа цифрлық арнамен бар ауыл қамтылған. Жергілікті тұрғындар 11 отандық арнаны қосып, тегін тамашалауға мүмкіндік алды. Бұрын басқа спутниктік жерсеріктері ауа-райының қолайсыз күндері сапасын жоғалтып, халық теледидар көре алмай қалатын күндері де болатын. Ал, қазір аталмыш мәселелер туындамайды. Көзіқарақты көрермен бұған дән риза.

Шолпан Жұмажанова, ауыл тұрғыны:

Цифрлық Қазақстан туралы айтсақ енді, байланысты. Біріншісі, ЦҚ тегін, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға қолжетімді, сапасы жақсы. Ертіс телеарнасын көреміз. Ол каналда қазір январьдан бастап шыққан 2020 мед.стр жөнінде. Сол каналда өте жақсы айтады.

Қазіргі уақытта Ертіс-Баян өңірі бойынша 29 цифрлық станция орнатылған, бұған дейін 76 аналогтық станция болды. Ал, Май ауылында 6 аналогтық станция орнына тек 1 цифрлық станция хабар таратады.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар