ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ КІТАПХАНА

12:32, 26 наурыз 2020

Облысымыздағы ең көне мәдени орта облыстық кітапхана заманауи жұртты жаңашылдықтарымен де таңқалдырып отыр. Бүгінгі таңда цифрландыру бағдарламасы аясында бір қатар жобалар жүзеге асқан. Кітапхана ұжымы оқырман қауымға жеңістің 75-жылдығына орай, «Ерлікке тағзым» жобасын жүзеге асырды.

Облыстық Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы кітапхана оқырман қауымға 1896 жылы есігін ашқан. Заман талабына сай мәдени ошақ жан-жақты дамып, алға нық қадам басып келеді. Бүгінде елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында көптеген игі жобалар жүзеге асты. Ал, киелі білім ордасы цифрлы әлемге 2006 жылы аяқ басқан.

Шолпан Шахметова, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы:

2006 жылдан бізде цифрлы жұмыстар басталды. Оны заманауи оқырмандарға жасадық. Заман талабы сондай. Жастар, ересек адамдар да уақыттары тығыз болса, кітапты тез тауып, тез оқу деген сияқты. Сондықтан, сондай жағдай жасап жатырмыз.

Сандық технология аясында, 5 мыңнан аса газет нөмірлері электронды түрге  ауыстырылды. Ең көне газет 1917 жылы жарық көрген «Свободная степь». Бүгінгі таңда, Ұлы жеңістің 75-жылдығына орай, «Ерлікке тағзым» атты вертуалды музей дайындап, сол заманда жарық көрген баспалар мен майдангерлердің хаттары сандық жүйеге өткізілуде.

Шолпан Шахметова, С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың басшысы:

Соғыс кезінде, соғыс жылдарында шыққан газеттерді цифрлық, осы өлкемізде шыққан газеттерді цифрлаймыз. Және майдангерлердің хаттарын.

Әйнел Мырзағалиева, автоматтандыру бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

41,45 жылдар аралығында шығарылған облыстық газеттер сандық түрге ауыстырылуда. Сіздердің алдарыңызда мысалы 1944 жылғы 30 тамызда жарық көрген газет. «Большевистік жол» газетінің шығарылымы.

Сандық жүйемен ұдайы жұмыс атқарып жатқан облыстық кітапхана 10 мыңнан астам оқулықты цифрлық жүйеден өткізген. Оның ішінен сирек және өлкетану кітаптарын да кездестіре аласыз.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 3 сәуір 2020
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...