ШҰҒЫЛ! 200 ТЕҢГЕЛІК МОНЕТА ШЫҚТЫ Толығырақ

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН

12:36, 6 желтоқсан 2019

Қазақстан цифрландыру әлеміне толықтай аяқ басты. Осы бағытта жүзеге асқан ақпарттық технологиялар қарыштап дамып, халықтың жағдайы жақсаруда. Биылғы жылдың шілде айынан бастап ел тұрғындары аналогтық телеарнадан цифрлық хабар тарату жүйесіне ауысқан. Бүгінгі цифрлы телеарна қалай жұмыс жасайды?

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында елімізде цифрлы хабар тарату форматы жүзеге асты. Ақпарат берудегі жаңа бағыт  Павлодар облысын да айналып өткен жоқ. Естеріңізге сала кетейік, шілденің 1-нен бастап, анологтық хабар тарату жүйесі өз жұмысын тоқтатып, жергілікті тұрғындар цифрлы хабар тарату жүйесіне ауысты. Сандық формат жоғары сапалы картиналарды ұсынады. Жалпы, халыққа  жаңа мүмкіндіктер мен оң өзгерістер сыйлайды. Қуантарлығы ауыл-аймақ тұрғындарына 15 отандық телеарна тегін таратылатын болды.

Амангелді Жұмадіров, «Қазтелерадио» АҚ ПОФ басшысының орынбасары:

Бағдарлама 2012-ші жылы өз жұмысын бастады. Цифрлық хабар тарату жүйесімен 356 елді мекендер қамтылған. Ел тұрғындары қазақстандық арналарды «ОTAU»  спутниктік  телеарнасы арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін 461 отбасыға тегін құрылды.

Жаңа заман, жаңа мүмкіндіктер. Әрине телевизия әлемінде орын алып жатқан оң өзгерістер адам баласы үшін қуанатын жаңалық. Себебі, бұл жүйені шалғайда жатқан ауылдық аймақтарда мекен ететін тұрғындар да қосуға мүмкіндік алды. Бұған дейін ауыл тұрғындары 3-4 арнамен шектелетін. Олардың өзі тек жаңалықтар бағытында хабар тарататын еді. Енді, маңызды ақпарат беретін арналармен бірге балақайлар, жасөспірімдер үшін ақпаратты-сазды бағдарламалар да қол жетімді болып отыр.  Павлодар облыстық «Қазтелерадио» мамандары шалғайдағы ауыл-аймақтарды аралап, «ОTAU» ұлттық спутниктік телеаранасының сапасымен танысып қайтты.

Жаңыл Рамазанова, Лозовое ауылының тұрғыны:

10 жыл болды бізге әкіміміз келіп, осындай ашылды, Қазақстаннан тарелка деп. Қуандық, міне 10 жылдай болды. Соны көріп жатырмыз, қай кезде көргіміз келеді сол кезде көреміз. Кейде сәрсенбі күні өз перебивы болады, онда біздің ішіміз пысады.Қәзір міне көзіміз ашылды, сапасы өте жақсы, қай каналдан неміне көргіміз келеді, газеттен аламыз да көреміз.

Еліміздің бар мекемелері сандық технлогиялармен қамтылып жатыр. Әр дәуірдің өзіндік сиқырлы сыры бар. Бүгінгі таңда, цифрлы әлем аяқ басып, адам қиялынан туған ғажап дүниелер арқылы адамдардың мүмкіншілігі де арта түсті. Айта кетейік, облыстық «ERTIS» телеарнасы да «Цифрлық Қазақстан» баяғдарламасы аясында толықтай сандық жүйеге көшті. Аймақ тұрғындары енді телеарнадан сапасы жоғары, айқын бейнелі хабарларды тамашалауға мүмкіндік алды. Және бұрынғы ¾ форматынан 16/9-ға ауысты.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
10:17, 19 ақпан 2020
ДЕНСАУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕТІН МЕКТЕПТЕР
Толығырақ...