ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

«BURABAY FORUM» ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

20:31, 8 тамыз 2018

«Burabay Forum». Бұл - Елордада осымен екінші рет шымылдығы түрілген жас ғалымдар форумының атауы. Шараға Қазақстан, Ресей, Литва, Беларус, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан ғалымдар келген. Айта кетейік, қатысушыларға қойылатын талап жасы 40-тан аспауы керек.

Биылғы форумда үш негізгі бағытты қамтыған. Жас ғалымдар ғылым, білім және туризм саласындағы байланысты кеңіте түсу жолдарын талқылайды. Шараның ресми ашылу салтанаты ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының қорының ғимаратында өтуі бекер емес. Екінші жыл қатарынан форумның өтуіне қор тікелей ат салысып келеді. Жасыл технология, табиғат анаға зиян келтірмейтін өндіріс, ауаға көмір қышқылы газының таралуын тежеу бұл пленарлық отырыс кезінде көтерліген тақырыптардың бір парасы ғана. Халықаралық форумға келген 100-ге жуық ғалымның бәрінің аталған мәселелер бойынша айтары бар. «Бурабай форум» деп аты айтып тұрғандай негізгі басқосу Оқжетпес тауының етегінде ертең және арғы күні өтеді. Түс ауа ғалымдар Бурабай демалыс аумағына аттанып кетті.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНДЫ
19:04, 10 қазан 2018
ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНДА ҚАЛАНЫ ЖАРЫҚТАНДЫРУДА БІРЕГЕЙ ЖОБА ҚОЛҒА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар