Бұдан былай психологиялық және наркологиялық дипсансерлерде электронды кезек жүйесі болмақ

18:03, 11 қыркүйек 2017

Бұдан былай психологиялық және наркологиялық дипсансерлерде электронды кезек жүйесі болмақ. Бұндай шешімге аталған мекемелер Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті жүргізген мониторингісінен кейін келіп отыр. Жалпы, мамырдың 22-сі мен тамыздың 31-і аралығында өткен «Жасырын сатып алушы» шарасының аясында өңірдегі бірқатар мемлекеттік мекеме бақылаудан өтіп, 48 заңбұзушылық анықталды.

Үш ай қатарынан жүргізілген қоғамдық мониторинг аясында облыстағы 74 мекеме тексерілді. Бұл негізінен, Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының және Ертіс, Успенка және Павлодар аудандарындағы жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық ұйымдар. Нәтижесінде 48 заңбұзушылық анықталды. Мәселен, 10 мекемеде қызмет көрсетушілер кеңес барысында дөрекілік танытқан. Сондай-ақ, ұзын-сонар кезектер мен ақпараттың толыққанды берілмеуі, стендтар мен кестелердегі мәліметтердің бұрыс  жазылуы сияқты олқылықтар анықталды.

АЯГӨЗ МҮСӘПІРОВА, Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма жетекшісі   

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаментінің мамандары барлық заңбұзушылықтар мен олқылықтарды ұялы телефондарына жасырын түрде түсірген. Мәселен, мына кадрлардан психо және нарко диспансерлердегі көзіміз әбден үйренген, айта-айта таптаурын болған мәселе – ұзын-сонар кезекті көруге болады. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Салтанат Төлегенова электронды кезекке қажетті инфотерминалдарды сатып алу бастапқыда 2018 жылға жоспарланғанын жеткізді. Айтуынша, ең алдымен, бұл құрылғылармен қала мен аудандық емханаларды қамту көзделген болатын. Бірақ ескерту алғандықтан, аталған диспансерлерге дереу тұрғыда электронды кезек енгізілмек. 

САЛТАНАТ ТӨЛЕГЕНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары  

Инфокиоскілердің бағасы 500 мың теңгеден асады. Бүгінде екі диспансер де бюджеттерін қайта қарауда. Ал психоневрологиялық диспансер электронды кезекке арналған күту залын қарастыруда. 

Тақырып бойынша материалдар

Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
20:25, 22 қыркүйек 2017
Облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті
Толығырақ...
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
20:23, 22 қыркүйек 2017
Павлодарлық судьялар латын әліпбиін қолдайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
20:13, 22 қыркүйек 2017
Железин ауданына ОҚО-нан қоныс аударған отбасы
Толығырақ...
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
20:37, 22 қыркүйек 2017
Жұмат Шанинннің 125 жылдығына арналған конференция өтті
Толығырақ...
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
19:00, 19 қыркүйек 2017
«Адал ұрпақ» облыстық жастар слеті өтті
Толығырақ...