ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

БРИФИНГ НИШ

22:40, 11 қаңтар 2019

Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқуға құжаттарды қабылдау шамамен бір апта уақыт қалды. Бұл туралы оқу орны басшылығы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Бүгінгі таңда Павлодардың 200-ден астам алтыншы сынып оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге өтініш білдірген. Бес жыл ішінде мектеп Ертіс өңірі бойынша олимпиадаларда үздік көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Ашылған сәттен бастап оқу орнын 374 түлек тәмамдады. Бүгінде 36 түлек Назарбаев Университетінде оқыса, 42 түлек жақын және алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарында білім алуда.

РИНАТ ЖҰМАБАЕВ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Мектебіміздің негізгі миссиясы бұл Қазақстанның интеллектуалдық потенциалын дамыту. Енді биылғы жыл біздің мектебіміз үшін өте ерекше жыл болды тарихта қалатын. Биылғы жылы біз халықаралық акредитациядан өттік. Мұндай аккредитациядан өткен мектептердің саны әлем бойынша 600-дей ғана. Назарбаев Зияткерлік мектептері жүйесі ішінен біз 14  болып ендік. Бұл Павлодар облысының үлкен жетістігі деуге болады.

2-3 наурыз күндері конкурстық іріктеу басталады. Үміткерлер бірінші күні «математика» пәні мен сандық сипаттамалары кіретін қабілеттілікті бағалау бойынша тапсырмаларды орындайды. Ал келесі күні қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен сынақ тапсырады.

ӘЛИЯ ЖАЛМАҒАМБЕТОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Математика пәнінен 40 тапсырма болады, оған 60 мин уақыт бөлінеді. Сандық сипаттама 60 тапсырманы құрайды, орындауға 30 минут. Оқу тілі тестілері бойынша бізде әр тілге  20 тапсырмадан есептелген. 120 мин бөлінген. Тестілеу аяқталғаннан кейін 40 күн ішінде оқушылардың нәтижелерін бағалау жүргізіледі.

Емтихан тапсырмаларының жауаптары стратегиялық серіктестерге жіберіледі. Егжей-тегжейлі тексерістен өткеннен кейін тестілер кері Қазақстанға жіберіледі және ресми сайтта жарияланады. Одан кейін ҚР Білім және ғылым министрінің төрағалық етуімен конкурстық комиссия қорытындысын қарайды. Ал егер екі бала бірдей балл жинаса, онда математика пәні бойынша ең көп ұпай жинаған бала  есепке алынады.  Емтихан бойынша жинауға мүмкін ең жоғары ұпай - 1300 баллды құрайды. Әмина Жүкенова өткен жылы аталмыш мектепке түсті. Оқу орны білім сапасымен,  басқа мемлекеттерден келген ұстаздардың тіл табысшылығымен ұнайтынын айтады. 

ӘМИНА ЖҮКЕНОВА, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ

Назарбаев Зияткерлік мектебіне түскеніме өкінбеймін. Өйткені осы мектепте білім сапасы өте жоғары басқа мектептерден гөрі. Мұғалім үй жұмысын берген кезде біз барлығымыз кітапханаға барып бірге істейміз.

Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабылдау комиссиясы 19 қаңтарға дейін жұмыс істейді.

Автор: Марина Сахарова, Ринат АБДУЛКАЮМОВ. Оператор: Анатолий КЛАССЕН.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар