Бос жатқан жерлер мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс

17:31, 16 наурыз 2017

Биыл пайдаланылмай бос жатқан жерлер мәселесі түбегейлі шешілуі тиіс. Ал ветеринарлық қызметтің жұмысы қатаңдатылуы керек. Осы және өзге де сұрақтар облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында көтерілді.

Ветеринария басқармасының жетекшісі Қайыржан Байжановтың берген мәліметінше, өңірде мал ауруларының 10 аталымы бойынша қатаң бақылау жүргізілуде. Мәселен, сібір жарасы көмілген 131 орынның 122сі бүгінде қоршауға алын отыр. Былтыр Ертіс ауданында орын алған төтенше жағдай – сібір жарасының жайылуы әлі көптің есінде. Аймақ басшысы бұнда жүйелі себептің болғанын да алға тартады.

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі 

Аймақ басшысы ветеринарлық қызметтің жұмысын күшейтуді тапсырды. Адам өмірінің қауіпсіздігі маңызы, сол себепті қатаң әдістер қолдану керек деді ол.  Болат Бақауов сондай-ақ, әкім орынбасарларының алқалы жиындардағы әдемі, бірақ бюрократиялық жауаптары еш нәтиже бермейтінін айтты. Мәселен, тұрғындардағы бар мал басын анықтауда үнемі айырмашылықтар туындауын алайық. Әр ауылдық аймақтан мал басының статистикасы, жануарлардың идентификациясы жөнінде ақпарат алуға болады. Осындай қарапайым шаралар жүргізілмесе, әрине кей мәселелер туындайды. 

БОЛАТ БАҚАУОВ, Павлодар облысының әкімі 

Жерлердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасының мәліметінше, Павлодар облысында 1 наурызға ауыл шаруашылығына қолайлы 284 мың гектар жер пайдаланылмай бос жатыр. Тек өткен жылы осындай телімдердің 218 мың гектары мемлекеттің меншігіне қайтарылды. 

Бос жатқан тағы 183 мың гектар жер де пайдаға жарату көзделген. Облыс әкімі бұл мәселені жылдың соңына дейін шешуді тапсырды. Алқалы жиынға қатысқан басқармалар жұмыс істеудің нақты алгоритмін құрады. Оны жүзеге асыру ғана қалды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жылда ел тұрғындары  4 күн демалады
17:04, 21 қараша 2017
Жаңа жылда ел тұрғындары 4 күн демалады
Толығырақ...
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
16:43, 20 қараша 2017
ОРАЗ ДҮЗДЕНБАЕВТЫ ҚАМАУ МЕРЗІМІ 2 АЙҒА ҰЗАРТЫЛДЫ
Толығырақ...
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
16:04, 20 қараша 2017
Тілді балғын бойына балабақшадан сіңіру қажет екені сөзсіз
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
15:27, 15 қараша 2017
Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі ауысты
Толығырақ...
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
15:13, 15 қараша 2017
ЗАҢСЫЗ ИМПОРТ ОТАНДЫҚ ӨНДІРУШІГЕ КЕДЕРГІ
Толығырақ...