ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БЛОКБЕКЕТТЕРДЕН ӨТУ ТӘРТІБІ

18:24, 14 қараша 2020

Павлодар облысы әлі де қызыл аймақта. Өңірдің эпидемиологиялық жағдайды ескеріле отырып, 9 қарашадан бастап блокбекеттер орнатылғаны белгілі. Бүгінде олардың саны 12-ге жетіп отыр. Шекарадан өту мөр басылған бірнеше құжатты қажет етеді. Өкінішке орай, вирустық инфекцияның таралу қаупін, сақтық шараларының маңыздылығына облыстың кейбір тұрғындары немқұрайлы қарауда. Тіпті бекеттерді заңсыз кесіп өткісі келетіндер де бар. Өкініштісі, мұндай фактілер саны күн сайын артып барады. Осыған орай тексеріліс жұмыстары қатаңдатылды.

9 қарашадан бастап блокбекеттерден 20 мыңға жуық көлік өтті. Бұл  40 мыңдай облыс тұрғындарын құрайды. 1000-ға жуық азаматқа шекараны кесіп өтуге тыйым салынды. Өйткені олардың қолдарында қажетті құжаттары жоқ.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Барша облыс тұрғындарына өтініш беруді жұмыс берушілер арқылы жүзеге асыруды кеңес береміз. Өйткені жұмыс берушінің өзі жұмыскерінің қала ішінде жүріп-тұруы үшін өтініш беріп,  жауапкершілікті өз мойнына алса, бізге сондай өтініштерді қолдауға толықтай негіз бар.

Құжатты алу үшін алдын ала қамданып, пвл инфо сайтында өтініш қалдыру қажет. Бүгінде аталмыш өтініштер саны 9 мыңнан асады. Олардың 65 пайызы мақұлданды. Рұқсаттама алғандардың басым бөлігі заңды тұлғалар.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Егер Сіздерге тек Екібастұз, Ақсу, Павлодар қалаларының ішінде қатынау қажет болса, өтініш берудің қажеті жоқ. Бұл ақпаратқа ерекше назар аударғым келеді. Өйткені аталмыш өтініштерге біз рұқсаттама бере алмаймыз.

Үш күн ішінде жалған құжаттарды жасау фактілері анықталды. Аталмыш жағдай орын алғанда, құқық бұзушылар бекеттерден өткізілмей, үйлеріне қайтарылады.

Сәкен Шаяхметов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Өкінішке орай, бекеттерден өтудің оңтайлы тәсілдерін айтқанда, кейбір азаматтар заңсыз жолдарды қарастырады. Кейбірі құжаттарды заңсыз жасап шығаруға дейін барады. Бұл санатқа кіретін мыңға жуық адам құжаттағы ақпаратты  дәлелдей алмай, үйлеріне оралды.

Бұдан бөлек кейбір облыс тұрғындары аймақ шекарасын жасанды медициналық анықтамалар арқылы да өтпекші болған. Тұрғындардың осындай әрекеттерінен соң құжаттарды тексеру рәсімі қатаңдатылды.

 

Сания ТЕМІРХАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар