ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БИЗНЕСКЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

11:37, 20 наурыз 2020

Короновирус инфекциясының пандемия деп жарялануына байланысты сәуір айының 15-не дейін төтенше жағдай режимі енгізігені белгілі. Бұл әрине елдегі шағын және орта бизнес субъектілеріне үлкен соққы болып отыр. Бірақ, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектер де жоқ емес. Осы кезең аралығында олардың несиелерінің мерзімі шегеріледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығы негізінде кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері үшін ұсыныстар бойынша денсаулық сақтау министрлігі мен сауда және интеграция министрлігінің бірлескен шешімі қабылданды. Бүгінде арнайы call-орталықтар құрылды, оған қызығушылық танытқан бизнесмендер барлық мәселелер бойынша жүгіне алады. Үш күн ішінде қазақстандықтардан 3 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты кәсіпкерлер қолданыстағы бизнестің әдеттегі жұмыс кестесін өзгертуге, сауда нүктелерін уақытша жабуға мәжбүр.

Ербол Арынов, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің көбі қашықтықтан жұмыс істей режиміне көшкен. Сондықтан, қызметкерлерді қысқа мерзімді еңбек демалысына жіберіледі. Тек телефон арқылы ғана байланысқа шығады. Үйде отырған кезінде ең төменгі жалақы 42 500 теңге төленеді. Бұл басқа да қызметтегілерге де қатысты. Себебі, жұмысшы біржола қызметтен босатылмауы керек.

Жеке тұлғалар үшін несиесі төленбей қалған жағдайда қосымша өтемақы мен айыппұл салынбайтын болады. Ал, заңды тұлғалар мұндай жағдайда арнайы өтініш қалдыруы шарт. Содан кейін мәселе қаралып, уақыты шегеріледі. Қазіргі таңда басқа мемлекеттердегідей Қазақстан аумағында да шекаралар жабылып жатыр. 19-наурыздан бастап, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылды. Әйтсе, де бұл тауар тасымалына кедергі келтірмейді.

Ербол Арынов, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры:

Қазіргі таңда Ресей шекарасын бақылауда ұстау керекпіз. Әзірге екі ел арасындағы тауар тасымалы, жүргізушілердің екі жаққа өтуіне еш кедергі жоқ. Яғни, жүргізушіде шет елге шығатын паспорты болса емін-еркін қатынай алады.

Тағы бір айта кететін мәселе, шағын және орта бизнес иелері сауда ошақтарында тазалық шараланын ұйымдастырып отыруы керек. 

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...