ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

«BIZ BIRGEMIZ! NUR OTAN!» НАУҚАНЫ

12:11, 26 наурыз 2020

Елбасы бастамасымен Республика аумағында «Біз біргеміз» науқаны басталды. Бізде де бұл акцияға еріктілер белсенділік танытып жатыр. Өңір жастарынан құрылған волонтерлер жасағы – Еуропа елдерінің тәжірибесіне сүйеніп, қайырымдылық көмекті байланыссыз таратуды қолдануда. Қайырымдылық науқаны наурыз айының соңына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында 500 адамға қолдау көрсетілмекші.

Қазіргі таңда, елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты қайырымдылық істері әр өңірде жасалып жатыр. Павлодар жастары бірлесіп «NUR OTAN» партиясының «Халыққа көмек» жобасына қолдау көрсетуде. Олар қаламыздағы көмекке мұқтаж бірнеше отбасыға қолдау көрсетті.

Ғабит Хафиз, облыстық «JAS OTAN» жастар қанатының төрағасы:

Барлығымз шама келгенше, 100-ге жуық адреске баратын боламыз. Алдағы уақытта біздің қоғамдық қабылдауға келіп, өтініш білдірген түрлі топтағы адамдарға, жалғыз басты аналарға, жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға осындай көмектерді жасайтын боламыз.

Санитарлық талап бойынша, волонтерлар көмек алушы адамдармен контактіге түспеуі керек. Тәртіп бойынша, көмекке зәру тұлғаларға телефон немесе домофон арқылы қоңырау шалынады. Волонтерлар 2-3 метр ара қашықтықта тұрып, азық-түлік және гигиеналық заттар салынған жиынтықтарды осылайша табыстайды. Азық-түлік жиынтығы алғаш болып - Рахима Шұғайыповаға берілді. 70 жастағы зейнеткердің 6 немере мен 3 шөбересі бар. Ол қиын кезеңде қол ұшын созған жастарға алғысын білдірді.

Рахима Шұғайыпова, қала тұрғыны:

Осындай көмектің келетінін күткен жоқпын. Осындай мезгілсіз уақытта келіп қалған жастарға көптен-көп рахмет! Осындай әржайым келіп, болысып тұрғандарына ризамын.  Көмектеріңізге көптен-көп рахмет!

Әлеуметтік көмекке Павлодар қаласының тұрғыны Марғуаш Әбдіғалимоваға да ие болды. Ол бес баланың анасы. Сексеннің сеңгіріне шыққан зейнеткер бүгінде - отбасындағы мүмкіндігі шектеулі 3 адамға қамқорлық танытып отыр. Айтуынша, елімізде жасалып жатқан қайырымды істер туралы білмеген екен.

Марғуаш Әбдіғалимова, қала тұрғыны:

Білген жоқпын, қарғам. Телевизор көріп, тыңдап отырамыз. Нұр Отанға рахмет. Үйде отырамыз. Ауру балаларым бар, далаға қайдан шығамын. Ылғи маған қолдау білдіреді. Жастарға рахмет! Бақытты болсын, ауырмасын. Еңбектері жемісті болсын.

Қайырымдылық акциясына Павлодар облысының тумасы, қазақ эстарадасының әртісі Ринат Малцагов та белсенділік танытты. Айтуынша, қамқорлық жасау – оның азаматтың ұстанымдарының бірі.

Ринат Мальцагов, эстрада әншісі:

Біріншіден азаматтық позицияны білдіреді деп ойлаймын. Адамгершілік, ең алғашқы. Өзімнің ниетім ғой. Осындай жағдай болып жатқан кезде әрине, міндетті түрде өз жерлестеріме қолдау көрсету мақсаттарымен жүрміз.

«BIZ BIRGEMIZ!» ұранын ұстанған павлодарлық жастар науқан шеңберінде 500-дей адамға көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
11:55, 6 сәуір 2020
«КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС» ӘНІ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...