Биылғы жылы Павлодар облысы бойынша импорт көлемі 308 миллионды құрап отыр

18:47, 12 қыркүйек 2017

Павлодар облысының сыртқы тауар айналымы 2017 жылдың жарты жылдығында 60 процентке артып отыр. Мұндағы экспорттың үлесі 80 процентті құрайды. Атап айтсақ, Еуропа мен Қытай елдеріне металл және кокс жіберілсе, керісінше біздің өңірдің зауыттары мен кәсіпорындарына арналған түрлі құрал-жабдықтар импортталуда.

Биылғы жылы Павлодар облысы бойынша импорт көлемі 308 миллионды құрап отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 13 процентке аз. Ал, экспорт көлемі керісінше екі есеге артып, 6 айдың ішінде, 1240 миллион АҚШ  долларына жеткен.

ТІЛЕКТЕС ТҮСЕТАЕВ, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы

Сондай-ақ, жиын барысында ағымдағы жылдың сәуір айында Еуразиалық Экономикалық Одақтың Кеден кодексі туралы шартына қол қою туралы кезеңі аяқталғаны белгілі болды. Енді, жаңа кедендік кодекс 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Мамандар, жаңа кодекстегі жаңа жүйе кедендік реттеудің деңгейін көтереді, көптеген процестер автоматтандырылатынын айтуда. Жаңа құжат сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік әкімшілендіру тәртібін қағаздан, электронды жүйеге ауыстырып, кедендік рәсімдеу процестерін едәуір жеңілдетпек.

ТІЛЕКТЕС ТҮСЕТАЕВ, Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау басқармасының басшысы

Жаңа құжатта, электронды сандық қол қоюды қолдана отырып электронды құжат түрінде алдын ала ақпарат алуға болады. Ал, кедендік тазарту жұмыстары барысында тауарды шығару мерзімі 1 ғана жұмыс күнін құрап отыр. Сондай-ақ, кедендік операцияларды жасау ұзақтығы да 4 сағатқа дейін қысқартылып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқатар өзгерістер енгізілді
20:15, 23 қараша 2017
Павлодар өңірінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджетіне бірқ...
Толығырақ...
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қысқа дайындығын тексерді
19:36, 23 қараша 2017
Облыс әкімі өңірдегі коммуналдық және құтқару техникасының қ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті
19:08, 17 қараша 2017
Қазақстан Президенті «Royal Dutch Shell» концернінің бас атқ...
Толығырақ...