ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БИЫЛ ПАВЛОДАРҒА 300 ЖЫЛ

14:42, 21 қаңтар 2020

Биылғы жылы Павлодар қаласына 300 жыл толады. Ерке Ертісті жағалай жатқан қаланың тарихы терең бойлаған.

Архивтегі деректерге сүйенетін болсақ, қала тарихы 1720 жылдан басталады. Осы уақытта Коряков форпостының пайда болуына, сонымен қатар, Коряков өзенінен табылған тұзға байланысты шаһар атауы қойылған. Іргетасы ерте қаланғанымен елді мекен дәрежесіне 1838 жылы ғана қол жеткізіпті.

Ханшайым Мақажанова, облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары:

Ал енді біз Павлодар қаласының тарихына әкімшілік-аймақтық, тұрғысында қарайтын болсақ, онда мынадай келесі мәліметтерді айтуға болады. Негізі Павлодар қаласы – Павлодар қаласы болып, 1861 жылдан бастап аталына бастады. Және осы 1861 жылы Павлодар қаласы қала деген статусқа ие болды. Өйткені бұрынғы жаңағы Коряковка станицасын Павлодар қаласы деп аталынады. ал, одан кейін 1868 жылы Павлодар уезі құрылады.

Ал, қала болып 1861 жылы бекітілген. Қазіргі таңда облыстық Мемлекеттік архивте 1861 жылы Типунов атты ғалымның жасаған Павлодар қаласының сызбасы сақтаулы. Соған қарап-ақ шаһардың қаншалықты дамығанын және кеңінен қанат жайғанын аңғаруға болады. Алғашында бұл елді мекенде 5 қана көше болыпты. Бұның барлығы әрине ағаш үйлер. Ескі деректер бойынша бұл жерда саудагерлер көп болғандықтан, мекеннің өсіп-өркендеуіне, жаңа ғимараттардың салынуына, әлеуметтік-мәдени саласының дамуына септігін тигізген көрінеді. Солардың бір нешеуіне тоқталсақ. Көпес Артемий Деров өз қаржысына кітапхана салдырса, саудагер Осипов 20 орынды емхана ашқан. Сол замаманнан бері сақталып, қазіргі күні қолданыста тұрған ғимараттардың бірі Ақ Мешіт. Бұл ғимарат атақты саудагер Абдулфаттах Рамазановтың ықпалымен 1901 өрттен кейін қайта жөндеуден өткен.

Ханшайым Мақажанова, облыстық мемлекеттік архив директорының орынбасары:

Енді 1901 жылы Павлодар қаласында 24-ші майда сондай алапат жойқын өрт болған. Осы өрттің салдарынан, кесірінен, сол кездегі үйлердің барлығы ағаштан тұрғызылған үйлер ғой негізінен. Соның барлығы жанып кетеді. Бірақ сол кездегі ауқатты көпестер, жаңағы саудагерлер барлығы осы қаланы қайта салуға, қайта тұрғызуға, қайта қалпына келтіруге ат салысқан.

Қала тарихындағы тағы бір ерекше атап өтетін жәйт – бұл 20-шы ғасырдың 20-шы жылдары қазіргі базар орнында қалалық цирктің орналасқандығы. Мұндағы қойылымдар да талайды таңдай қақтырыпты.

Надежда Кубик, облыстық мемлекеттік архив ақпарат бөлімінің басшысы:

Бізде мысалы 1928 жылғы афиша бар. Бұл хабарландыруға қарап бізде цирк болғандығын білеміз. Жабайы аңдарды үйрететін Виктория ханым туралы да ақпараттар бар. Ал, 1929 жылы циркте француз күресінен чемпионат өткен болатын. Сол жарысқа әлем чемпионы Иван Поддубный мен Қазақстан чемпионы Қажымұқан өнер көрсеткен.

Қазіргі таңда Павлодар қаласы адам танымастай болып өзгеріп отыр. Еліміздегі ірі өндірісті аймақтардың бірі. Сонау 1861 жылы бастау алған өңір тарихы әрі қарай тамырын тереңге бойлата бермек. Әрине, ерке Ертістің етегіндегі гүл қаланы кез-келген тұрғыны сүйетіні анық. Оның өткенін білгілері келетіні де анық. Сондықтан ERTIS AQPARAT  жаңалықтар топтамасынан шырайлы шаһар туралы жиі баяндайтын боламыз.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Ринат АБДУЛКАЮМОВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар