ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БІТІМГЕРШІЛІК – БІРЛІКТІҢ БАСТАУЫ

18:35, 9 тамыз 2019

Жақында Баянауылда өткен «Жұлдызды жағыңыз» жастар форумы «НұрОтан» партиясының облыстық филиалында өткен конференцияда қорытындыланды. Онда жас ұрпақ пен Невада-Семей антиядролық қозғалысының өкілдері арасында диалог өрбіді.

Нұр Сұлтан қаласынан арнайы делегацияның келуіне жастар тәлімгерлік форумы себеп болды. Сарапшылардың қатарында Валерий Жандаулетов те бар. Олар мұнда антиядролық қозғалыстың қалай дамып жатқанын тексеру, сондай-ақ жастармен тәжірибе алмасу үшін келген.

Валерий Жандәулетов, ҚР президенті жанындағы жүйелі  талдау орталығының бас сарапшысы:

Біз Олжас Сүлейменовтің атынан Павлодар облысындағы жастар ұйымдарының жұмысымен таныстық. Ертіс өңірінің жастары көпшілікке осы жұмыс бойынша үлгі көрсетеді. Жастар қозғалыстарының барлық бағыттары біртұтас және бірыңғай әрекеттік бағдарламасын әзірлейді. Бұл бізге - жастарға орталықтандырылған идеологиялық бағытты пайдалануға мүмкіндік береді.

Жастар ұйымдарының өкілдері бітімгершілікті дамыту,  сананы тәрбиелеу үшін бірнеше бастамалар дайындады. Олардың барлығы конференцияда ортаға салынды. Ұйымдастырушылардың басты идеясы біртұтас жастар қанатын құру болды, қазіргі уақытта оны жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Виктор Деймунд,  форум ұйымдастырушысы:

Осы іс-шараға дайындалу барысында көптеген  идеялар туындады.  Осыдан бірнеше ай бұрын «1000 игі іс» идеясы пайда болды. Сонымен біз бағытты сәл өзгерттік. Халықаралық форумға біздің күшіміз жетпегендігіне сүйене отырып. Енді біз бұл жұмысты біздің Павлодар облысының аумағында бастаймыз.

Айтпақшы, бұл форум Халықаралық антиядролық қозғалыстың 30 жылдығына арналды. Біздің жастар бітімгершілікке шынайы қызығушылық танытады. Әсіресе, Ана мен балаға көрсетілетін қамқорлық арқасында жұмыс зор қарқын алуда. Жас ұрпақтың белсенді ұстанымы келешектен үлкен үміт күттіреді.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ,  Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар