ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БІРНЕШЕ КӨШЕ АУЫЗ СУСЫЗ ҚАЛДЫ

20:03, 14 қаңтар 2021

Үш мыңдай тұрғыны бар Павлодар ауданына қарасты Заря ауылы ауыз сусыз қалды. Бұған не себеп болған? Мәселенің мән-жайын елді мекенге барып, ауыл тұрғындарымен тілдесіп қайтқан әріптесім біліп көрді.

Жаңа су тарату станциясы бір ай бұрын қолданысқа берілген. Ауылдағы 500 үйдің тек жартысы ғана су жүйесіне қсылыпты. Алайда бүгінгі күні қондырғы істен шыққан.

Александр Балтабаев, Заря ауылының тұрғыны:

Үйге суды кіргізіп берген. Ақшасын төледік. Ал енді су жоқ. Бір жұмадан асты. Үйде 82 жастағы анам бар. Сол кісіге өте қиын. Не үшін ақша төледік?Түсінбеймін.

Өткен жылы Моңғолиядан көшіп келген қандастарымыз да тіршілік нәрінен тапшылық көріп отыр. Қыс мезгілінде орын алған жағдай тіптен соққы болды дейді. Щарашылық мақсатына қолданатын суды енді ескі құдықтан алады екен.

Биғай Қатпа, заря ауылының тұрғыны:

Иә, 10 күндей болды. Ішетін ауыз суымыз болай қалды. Адамдарға да, малға да қиын енді. Өзіміздің үйімізде құдық жоқ болатын. Енді бүгін кіреді деп жатыр. Қиындау болып жатыр. Суықпен бірге. Көрші-қоланнан суықтан алғанда қиын.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Заря ауылы орталық су жүйесіне өткен жылдың желтоқсан айында қосылған. Бірақ тұрғындардың түгелі тіршілік нәрін тартып үлгермепті. Десе де, қазіргі таңда ауыл тұрғындарының жартысынан көбірі ауыз сусыз қалып отыр. Жұмыс жасап жатқан мамандар бүгін кешке дейін әр үйге таза ауыз су жеткізіледі деп сендірді.

Кездейсоқ па жоқ әлде... Әйтеуір біздің түсірілім топ елді мекенге барған кезде мамандар білек сыбана жұмысқа кіріскен.

Мэлс Нұрсейітов, сантехник:

Су бергенде барлығы қатып жатыр. Күн аяз болды ғой. Сулар да ашылмаған. Канализация да жоқ. Су көп қолданбайды. Осының бәрін болғаннан кейін адамдарға түсіндіріп айтамыз. Суды біраз ашып қою керек. Қанша көше сусыз қалып отыр? - Осы арада төрт құдық бар. 16 үй. Құдай жазса, бүгін береміз суды. Тағы бір көшені бүгін немесе ертең береміз.

Заря ауылында қатып қалған құдықтар бүгін қалыпқа келтірілмек. Барлық ақаулар жойылып, тіршілік нәрі әр үйге беріледі дейді, мамандар.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...