ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

21:18, 15 қыркүйек 2020

Бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясы Павлодар облыстық филиалының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауын талқылады. Жолдаудың негізгі тетіктерін ерекше атап өтіп, жиналғандар дөңгелек үстел аясында ортаға салды. Сондай-ақ, «Бір шаңырақ астында» жазғы жобасы қорытындыланды.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Халқы Ассамблеясының Павлодар облыстық филиалының мүшелері, яғни түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Басты мақсат Мемлекет басшысының 1-ші қыркүйекте Халыққа жолдауын талқылау. Қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бұл Жолдаудың басты ерекшелігі ол халықтың көкөкейінде көптен жүрген мәселелерді қамтыды дейді.

Бақытжамал Максилова, «Нұр-ана әлемі» ҚБ төрайымы:

Биылғы жолдау ерекше сияқты. Біздің Президентіміз халықтың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берген сияқты. Ең бірінші, інденттің кезінде халыққа дәріерге, ұстазға деген құрметті көрсетті. Ойыма алғаным, балаларды алшақтау оқытпай мектепте оқыту бойынша министрге тапсырма берді.

Осылайша бір шаңырақ астындағы ұлт пен ұлыс өкілдері Қазақстан халқына аса маңызды Жолдаудың негізгі тетіктерін атап өтті. Одан бөлек, «Бір шаңырақ астында» дәстүрлі жазғы этнофестивалі қорытындыланды. Ол биыл жылдағыдай дәстүрлі түрде емес, онлайн түрде өтті. Онда өңірдің этномәдени бірлестіктері маусым бойы бар өнерін ортаға салды. Сондай-ақ іс шара барысында бес номинация бойынша марапаттау рәсімі жүргізілді.

    

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
21:09, 22 қыркүйек 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
20:23, 22 қыркүйек 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚҚА ЖОЛДАУЫ
Толығырақ...
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...