ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БИБИН БАРЕЛЬЕФІ ОРЫН АУЫСТЫРАДЫ

12:01, 2 шілде 2020

Павлодарда тарихи сәулет ескерткіші саналатын барельеф орнынан алынды. Жәдігерді 1973 жылы Александр Бибин жасаған. Енді, жергілікті билік оның орын тебетінін анықтады.

Танымал мүсінші Александр Бибиннің барельефі Сәтпаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында орналасқан болатын. Осыған дейін ол жеке дәріхананың, бұрынғы неке сарайының ғимараты жанында болған.  Барельеф үш бөліктен тұрады, онда бейбітшілік-халыққа, жер-шаруаларға, билік-кеңеске делінген.     

Елена Дубовая, өнертанушы:

Александр Бибиннің шығармашылығын білген адам оның жұмысын жоғары бағалайды. Оның жұмысы әлі онжылдар бойы қаламыздың көркін келтіріп тұрар еді.   

Бибиннің барельефтері 47 жыл Павлодардың орталық көшесінде болды. Енді жеке дәріхананың кеңеюіне байланысты жәдігер орнынан алынды. Оған рұқсат ағымдағы жылдың наурыз айында берілген екен.   

Светлана Терёшина, жеке ұйымның өкілі:

Ол ешкімнің балансында болмады. Дәріхананың бір жақ қабырғасында орналасты. Дәріхана ол жеке кәсіпкердікі. Дәріхананы кеңейту жоспарланды, сондықтан барельефті алып тастадық. Барлық рұқсат қағаздары бар. Дәріхана кішкентай, ал 50 шаршы метрде қосымша ғимарат болады. Орын аз сондықтан қабырға қозғалды.  

Барельеф бұрынғы орнына қайтарылмайды. Бірақ облыстың бас сәулетшісі оның шаһарда басқа орын табатынына сендірді. Қазір бірнеше нұсқа қарастырылып отыр. Солардың бірі мүсінді музыкалық мектептің шығыс қабырғасына орнату ұсынылды. Әзірге бұл тек ұсыныс. 

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

 

Тақырып бойынша материалдар

«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
18:04, 20 қаңтар 2021
«ҚАЗАҚ ТІЛІ QR КОД» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
22:34, 18 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮКІМЕТТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫН ЖАСАҚТАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
22:05, 15 қаңтар 2021
ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ
21:52, 15 қаңтар 2021
ПРЕЗИДЕНТ VII ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫНА...
Толығырақ...