ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

БЕТПЕРДЕ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯ САУДАСЫ

12:36, 26 наурыз 2020

Павлодар облысында алыпсатарлық баға бойынша дезинфекциялық құралдарды сату фактісі анықталды. Бүгінде әлемді алаңдатқан короновирусқа байланысты бетперде мен дезинфекциялық құралдардың бағасы тұрақталады.

Елімізде короновирус індеті таралғалы бетперде, дезинфекциялық  құралдардың бағасы құбылып тұр. Бағасы қымбат болғанына қарамастан табылмай жатыр. Осыған орай, павлодарлық алыпсатарлар  антисептиктерді 2 есе жоғары бағада саудалаған. Бұл ретте, елдегі төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты, еркін сатуда препарат бір қолға 1 литрден аспайтын мөлшерде берілуі тиіс еді. Алайда, құқық бұзушыдан жалпы көлемі 200 литрден астам  залалсыздандырғыш антисептикалық құралдар анықталды.

Жоламан Қинаубеков, облыстық экономикалық тергеу департаментінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы:

212 литр көлемінде  дезинфекциялық, антисептикалық құралдар сатылған. Оның көлемі 212, ол 4 мың теңгеден әр литрді 4 мың теңгеден сатқан. Негізгі бағасы 2 жарым мың теңгеден сатылу керек болатын. Қазіргі уақытта Павлодар облысы әкімшілігі бойынша оны дайындаушы және өндіруші кәсіпорындармен бірлесіп бағаны төмендету.

Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыс әкімдігімен, сондай-ақ өндіруші зауыттармен бірлесіп, бірінші қажеттілік тауарларын қылмыстық алыпсату фактілеріне жол бермеу бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырылатынын айтты. Ал, бұған дейін бетперде саудасы шарықтау шегіне жеткен болатын. Тіптен кейбір дәріханаларда бетперде бағасы 180-200 теңгеге дейін көтерілгені есімізде. Енді бағаны қымбаттату жолы кесілді.

Гайнель-Хаят Машрапова, Павлодар қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы:

Біз күнделікті бетперделерді әкеліп отырамыз. Қала дәріханаларында 60 теңгеден саудаланып жатыр. Дәріханалардың атауларын біз әлеуметтік желілерге жариялап отырмыз.  Маскаларды Мерусар және Ка, Нефтихим LTD және «Шебер» ЖШС тігеді.

Алдағы уақытта маска тапшылығы болмайды деген үміт бар. Бүгінде  дәріханалдарда бір қолға 5 медициналық бетпердеден сатылып жатыр.

Қобыланбек Қожин, қалалық мәслихат депутаты:

Біз Павлодар қалалық мәслихаты және «Nur Otan» партиясымен бірлесіп,  қалалық кәсіпкерлер бөлімімен бірлесіп  мониторинг жүргізіп отырмыз.  Бастапқа кезде баға өзгерісі болды. Қазір толық бақылауда.

Бетперделерді мына мекен-жайдағы дәріханалардан алуға болады. Олар: Мир көшесі 54/3, Қ.Қамзин көшесі 72, Ш.Құдайбердиев 6 мекенжайы, Гагарин көшесі 89/2, Ак.Сәтпаев көшесі 17 және Назарбаев даңғылы 18/1 мекенжайындағы дәріханалардан бетперделерді алуға болады. Аймақта 300ден аса дәріхана бар. Алайда, барлығынан бетперде мен дезинфекциялық құралдарды табу  қиын.

 

Бақытнұр БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
18:50, 3 сәуір 2020
ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАСЫ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...