ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ БЕРЕКЕСІ ...

11:45, 18 мамыр 2020

Ақсуға қарасты Береке ауылы маңында болған жанжал неден туындады? Тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлерінің ерегесіп қалуына не себеп болды? Тараптардың таласқандары микросфера екені рас па?

Бұл ешқандай кино емес. Шынайы оқиға. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Тек бір адам дене жарақатын алыпты. Жанжалға халық арасында «күл» деп атайтын элекстр станциясынан шығатын микросфера себеп. Тәулік жүріп тапқан табыстарын тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ жиі тартып алатындығын айтады.

Айшуақ Халамияұлы, Береке ауылының тұрғыны:

10 қап жинасам мысалы,  3 немесе 5 береді. Онымен шығып келе жатса жолда күзет тұрады. Қалдыр дейді. Екі қабымен кетеді. Тіпті түксіз де кетеді. Солай ғой?? Иә, Иә.

Біздің арна мәселенің мән-жайын білуге барғанында тұрғындардың көбі нәпақасын осы жерден тауып жүргендігін жеткізді. Енді, күн көріс қалай болады деп күйініп отыр.

Құмарбек Шерихан, Береке ауылының тұрғыны:

Іргеде болып жатқан нәрсені жырғағаннан барып істеп жатқан жоқ. Белден су кешіп, батпақпен араластырып, күні бойы жуып 10 қап күл алады. Көлден шығайық десек, екі фирма біздің жерімізде бізге жұмыс істеулерің керек дейді. 250 теңгемен істейік десек 10 қап 2500-ақ теңге. Ауылда 10 литр бензиннің бағасы 2000 теңге.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Бұл жерден 20 шақырым қашықтықта орналасқан жылу электр стансасынан шыққан көмір қалдықтары жазықтағы көл тұнбасына жиналады. Жергілікті тұрғындар жинаған қап-қап күлін сол маңдағы қабылдау орталықтарына өткізулері тиіс. Бір келі күл 35 теңге. Алайда халық емін-еркін микросфера жинауды талап етіп отыр.

Елді-мекенде 2 мыңға жуық халық бар. Айтуларынша, ауылда жұмыс жоқ.  Сондықтан күл жинап, күн көреді.

Айшуақ Халамияұлы, Береке ауылының тұрғыны:

Келі 350 емес, 35 теңге.–Ауылда жұмыс жоқ па? – Жұмыс жоқ ауылда. Ауылда тек мал ұстайсыз. Мал бәрі бурцелез болып кетті. Жердің бәрін жыртып тастады. Қарапайым халық не істейді басқа?

Осы оқиғадан кейін полиция департаменті оқ атуға бұйрық берген полиция өкілін уақытша қызметінен шеттетті. Оның арғы тағдыры тергеу аяқталған соң мәлім болады.

Елдар Әбдікенов, полиция департаменті бастығының орынбасары:

Арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 361 бабы бірінші бөліміне сәйкес тергеу басталды. Соның барысында полиция қызметкерлері іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Орын алған мәселені аймақ басшысы да назардан тыс қалдырмады.

Әбілқайыр Сқақов, Павлодар облысының әкімі:

Жыл сайын осы микросфера үшін кикілжің, жанжал туады. Бұл нарық заңды ма? Біз міндетті түрде анықтаймыз. 

Иә, биліктің анық қанығын ажыратып бергені жөн болар еді. Өйткені, күлге күнде тартыс туады. Ақсу қаласының әкімі Берекеліктермен кездесіп, мәселені қаперге алатындығын айтты.  Сондай-ақ, микросфера мен мал ұрлығын азайту үшін екі ауылға мобильді бекеттер қойылған. Тұрғындардың жүріп тұруына еш кедергі келтірмейді – дейді полиция департаменті. Десе де, күлмен күн көріп отырған тұрғындар табыс көзінен айырмауды сұрайды.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
12:31, 10 тамыз 2020
«БІРГЕ - ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...