ШҰҒЫЛ! ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

19:19, 8 қараша 2019

Вице-премьер өңірімізге жасаған жұмыс сапары барысында жастар бастамаларын дамыту орталығында болып жастармен кездесті. Бұл кездесуде Бердібек Сапарбаев, жастардың көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап беріп, елді 2020 жылда не күтіп тұрғаны жайлы айтты.

Кездесуге қаламыздың белсенді жастары, студенттер, жас кәсіпкерлер мен еріктілер жиналды. Бас қосу барысында белсенді жастар вице-премьерге өздерінің алғашқы жетістіктері туралы баяндады. Сапарбаев өз кезегінде арман жолында мүмкіндіктерді жіберіп алмауға кеңес берді. Жастарды еңбек пен білімге талпынуға, азғырулар мен жат ағымдар жетегінде кетпей, бизнес негіздерін меңгеріп, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын мақсатты пайдалануға шақырды. Үкімет басшысының орынбасары еліміздегі жастар қозғалысының маңыздылығын атап өтіп, дәстүрімізді ұмытпау керектігіне тоқталды.

Бердібек Сапарбаев, ҚР премьер министрінің орынбасары:

Сіздер бақытты жандарсыздар. Қазақстанның егемендік алып, Қазақстанның дүниеге танылып, өзінің жастарына барлық жағдай жасап, сол сіздер сол жағдайларды пайдаланып Қазақстанның атын шығарып жатырсыздар. Біздің болашағымыздың барлығы сіздерге байланысты.

Жиында жастар өздерін толғандыратын мәселелер жөнінде сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды. Қатысушылардың бірі еріктілер мәселесін көтерді. Вице-премьер волонтерлер жылы жастар жылының логикалық жалғасы болатынын атап өтті. Өскелең ұрпақты толғандыратын негізгі үш мәселе  білім, жұмыс және тұрғын үй мәселесі.

Айдос Нәжимеденов, ЖОО-ның студенттік деканы:

Осындай кездесулер көп болып, әркім өздерінің сұрақтарын еркін қойып, сұрақтарына жауап таба алады деп ойлаймын. Жастарда қазіргі таңда, көптеген істейтін жұмыстар бар. Олардың бірі волонтер және түрлі организацияларға кіру қажет. Қазіргі жастар көп ешкім қимылдамайды. Оларға қазіргі заманға мотивация керек деп ойлаймын.

Кездесу соңында Вице-премьер қызығушылық танытқан жастардың сұрақтарына жауап беріп, жобалардың көбейетіндігіне тоқтады. Аймақтардың, соның ішінде Ертіс өңірінің тәжірибесі пайдаланылатын да айта кетті.

 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
10:01, 13 қараша 2019
ЖЕЛТОҚСАН МЕРЕКЕЛЕРІ БЕРЕКЕЛІ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
09:51, 7 қараша 2019
ҚЫМБАТШЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
11:26, 6 қараша 2019
ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ПОРТАЛЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Толығырақ...