ШҰҒЫЛ! 14 БАЛА ИРАКТАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

БЕЛГІСІЗ ЖӘНДІК ПАЙДА БОЛДЫ

16:07, 25 маусым 2019

Теректерде белгісіз жәндік түрі пайда болды. Мамандар қазір зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгісіз жәндіктен адам баласына келіп кетер қауіп жоқ, дейді мамандар. Тек ағаштарға зиян келтіретін көрінеді. Қандай жәндік екенін тілшіміз анықтап қайтты.

Теректерде пайда болған белгісіз жәндік түрі мамырдың соңы, маусым айының басында шыққан. Қоңыздар ағашқа жұмыртқа салады. Ол «гала» деген атауға ие. Осы галадан жәндіктер тарайды. Бірақ бұл жәндіктерден адам өміріне төнер қауіп жоқ, деп сендіріп отыр мамандар.    

Алмагүл  Исаханова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы:

Бұл жәндіктер әсіресе ағаштарда болады. Адам өміріне еш зияны жоқ. Қансорғыштар қатарына жатпайды. Өсімдікпен ғана қоректенеді, яғни өсімдік паразиті. Біз әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Сонымен қатар, шыбын-шіркейге мониторинг жасалынып тұрады. Қала сыртындағы жағдаймен салыстырғанда, қала ішінде зиянкестердің азайғаны байқалады. Бұл процесс мамандардың қатаң бақылауында. Өңірімізде мамыр айынан басталған шыбын-шіркеймен күресу жұмыстары әлі де жалғасын табуда.

Аяулым РАХИМЖАНОВА.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар