ШҰҒЫЛ! ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ Толығырақ

БАЯНАУЫЛДА ЖОЛДЫҢ БІР БӨЛІГІН ҚАРҒЫН СУ БАСТЫ

16:59, 11 сәуір 2018

Баянауылда аудандық маңызға ие жолдың бір бөлігін су басты. Десе де, алаңдауға негіз жоқ. Себебі, көпір іспетті өткел темір қаптамалы бетондардан жасалған. Содан жолға еш зақым келмеген. Қазіргі күнде Жаңажол-Ескелді бағытында жол қатынасы тоқтаған жоқ. Баянауыл өңіріндегі тасқын жағдайы қандай екенін әріптесім Өзгеріс Қуанар айтып береді.

Бұған дейін Жаңажол-Ескелді  бағытындағы өткелді тасқын жыл сайын бұзып әкететін. Салдарыннан екі арада байланыс үзіліп, көлік қатынасы да тоқтайтын. Биыл жергілікті билік өткелді судан аман алып қалудың амалын тауыпты.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, тілші

Аудандық маңызға ие Жаңажол-Ескелді  жолының бір бөлігін су шайып кеткен. Десе де бұл көліктердің әрлі берлі өтуіне еш кедергі жасап отырған жоқ. Себебі, көпір бетон қаптамаларыннан жасалған.

БҮРКІТБАЙ БИЖАНОВ, Баянауыл аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы

Жобалық сметалық жобасы әзірленген кейін бұны бұны желез-бетоный жамылғысымен жабу керек екенін есептеп осындай жол істедік. Бұл енді аудандық маңызы бар жол болғаннан кейін тұрғындардың жүру қауіпсіздігін сақтау үшін істелген. 

Бұл аумақтан Ащысу өзені өтетіндіктен, өткел астынан су өткізгіш құбырлар салынған. Әйтсе де, ағыны қатты қызыл су бұл құбырлардан асып, көпірдің үстіне жайылған. Жергілікті атқамінерлердің айтуынша, біраз күнде тасқынның беті қайтып, өзен қалпына түседі. Ал бұдан елді-мекендерге еш қауіп жоқ.

ӨЗГЕРІС ҚУАНАР, тілші

Баянауылдағы тасқын су қатері төніп тұрғын елді-мекеннің бірі – Қаращы ауылы. Біз қазір осы ауылдың жанындағы су арнасының қасында тұрмыз. Бұл арна өткен жылы салынған. Жалпы ұзындығы 800 метр, ені 12 метрді құрайды. Бұл  ауылға келетін тасқынның алдын алатын бірден-бір бөгет.

Қазіргі күнде Қаращыны айналдыра 2 бірдей бөгет қойылған.  Оның бірі биіктігі 2-2 жарым метр дамба болса, тағы бірі – арнайы қазылған су  арнасы. Бүгінде бұл арна Қарағанды жақтан келетін тасқын судың бетін қайтырып, судың бағытын Ащысу өзеніне  бұруда. 

Ауыл әкімінің айтуынша, биыл елді-мекенге ағын судан қауіп жоқ. Десе де, Қараащыда тасқынға байланысты алдын алу жұмыстары толығымен жүргізілген. Сондықтан да, жергілікті билік ауылдарға еш қатер төнбейді деп сендірді. 

Өзгеріс ҚУАНАР

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, тасқын су, қарғын су, 

Тақырып бойынша материалдар

ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
10:14, 20 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА ЖОЛДАРДЫ ЖАМАУҒА 504 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
10:05, 20 сәуір 2018
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРҒА 79,4 МЛН ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ БӨЛІНДІ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
15:01, 19 сәуір 2018
ПАВЛОДАРДА КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
14:56, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАР ШЫБЫН ШІРКЕЙМЕН КҮРЕСУГЕ САҚАДАЙ САЙ
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫЛДАНДЫ
17:33, 18 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМДЕГІ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БІРІНЕ ҚАБЫ...
Толығырақ...
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
10:43, 17 сәуір 2018
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖУДОШЫЛАР ЮРМАЛАДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ
Толығырақ...