ШҰҒЫЛ! НЕСИЕЛЕР ӨТЕЛІП ЖАТЫР Толығырақ

БАС КОНСУЛ «ERTIS» ТЕЛЕАРНАСЫНДА

18:34, 12 қыркүйек 2019

Осы күндері өңірімізге жұмыс сапарымен АҚШ тың Қазақстандағы бас консулы Эрик Майер келді. Бүгін ол біздің арнамызда болып «ERTYS TANY» бағдарламасына қатысты.

Эрик Майер еліміздің оңтүстік астанасында бір жыл тұрады. Шаһарымызға алғашқы рет ат басын тіреп отыр. Ертісті бойлай жатқан Павлодар қаласы бірден ұнағанын айтады. Шаһардың  архитектурасы, көшелерінің  тазалығы, халықтың қонақжайлығы және мейірімділігі  таң қалдырды.  

Эрик Майер, АҚШ-тың ҚР бас консулы  
Керемет маған барлығы өте ұнады. Кеше қаланың көне көшелерін араладым. Біраз адасып та қалдым. Халық әрдайым қол ұшын беріп, көмек көрсетуге даяр болды. Қала халқы мейірімді. Маған шаһардың көне көшелері мен архитектурасы өте ұнады. Синагогада болдым. Ертең мұражайлар мен мешітке барамын.

Екі күн ішінде Эрик Майер қаланың көрікті жерлерін аралады. Оған ең ұнағаны Ертіс өзені. 

Эрик Майер, АҚШ-тың ҚР бас консулы:  

Ертіс өзені өте әдемі. Жағалау өте керемет. Қала көшелері өте таза. Маған өте қатты  ұнады.

Еліміздегі АҚШтың бас консулы Павлодар өңіріне келуінің негізгі мақсаты адамның иммун тапшылығы вирусы мен  жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы дерттерімен күрес жүргізетін жобалармен танысу болып отыр.  

 

Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
18:53, 16 қыркүйек 2019
ТІЛЕУҚАБЫЛ БАТЫРҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Толығырақ...