ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

БАЛАЛАР МЕН СПОРТ АЛАҢДАРЫ АШЫЛДЫ

20:45, 3 шілде 2020

Мойылды ауылында бес бірдей ойын алаңы пайдалануға берілді. Балаларға арналған заманауи ойын және спорт алаңы ауыл тұрғындарына, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге үлкен қуаныш сыйлады.

Мойылды ауылындағы Ұлы дала елі, Бейбітшілік, Мектеп, Жер ұйық, Парковая көшелерінде балаларға арналған ойын алаңдары орнатылды. Мердігер компания қолға алған істі 1 айдың ішінде жүзеге асырыпты.

Ерғали Әбушахманов, Мойылды ауылы әкімі аппаратының бас маманы:

Қалалық әкімшіліктің бөлуімен 10 млн 500 мың ақша бөлініп, оның 7 млн 500-і балалар алаңына және де скридворкауд дит, дене шынықтыру балаларға арналған, сол жасалынды. Ауыл ақырын-ақырын көркейіп келеді. Бес жерге салынды. Ауылдың шетінде Парковая көшесі бар еді. Оған да салынды.

Жаңа ойын және спорт алаңдары ауылда «Елді мекендерді абаттандыру» бағдарламасы аясында жүргізілді. Енді, ауыл балақайлары жаңа ойын алаңдарында асыр салып ойнап, көше тренажерлерінде жаттығатын болады.

Айгүл Дауанқызы, Мойылды ауылының тұрғыны:

Осы Мойылды ауылының әкімшіліктеріне көптен-көп рахмет айтқым келеді. Біздің балаларымызға осындай ойын алаңдарын жасап бергендеріне көптен-көп рахмет. Ауылымыз гүлдене берсін, балаларымыз ауырмасын. Үйімізге су тартып беріп жатыр, жолдарды жөндеп жатыр. Оған да көп-көп рахмет.

Мойылды ауылында 400-ден аса үй бар ондағы жан басы 1643 адам. Жыл өткен сайын халықтың әл-ауқаты жақсарып, түйткілді мәселелер шешімін тауып жатыр. Бүгінде ауыл тұрғындар үшін орталықтандырылған су құбырын тарту жұмыстары басталып, оның 70%-ы орындалған. Ал, толық аяқталу мерзімі 2021 жылдың ақпан айы.  Сонымен қатар, биылғы жылы ауыл  жолдары жөндеуден өтті.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
20:30, 9 тамыз 2020
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
21:14, 5 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ 175-ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР
Толығырақ...