ШҰҒЫЛ! «МАЙДАН ЖОЛЫ» ЖАСАҒЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ Толығырақ

БАЛАБАҚШАЛАР ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТҚА КӨШІРІЛДІ

20:27, 12 наурыз 2019

Бұдан былай баланы бақша кезегіне қою үшін құжат жинап жүгірмей, үйде отырып-ақ атқаруға болады. Кезегі жеткен бүлдіршінге жолдама алу да электронды форматқа көшті. Бүгін №16 мектепте ата-аналар мен тәрбиешілерге автоматтандырылған қызмет түрі таныстырылды.

Елдегі цифрландыру жүйесі жылдан жылға жетіліп келеді. Былтырғы жылы Павлодардағы бірқатар мектептерге енгізілген электронды формат енді балабақшаларға да жетті. Автоматтандырылған қызметтің артықшылығы, ата-аналар үйден шықпай-ақ балаларын бақша кезегіне қойып, жолдаманы да ала алады. Бұл біріншіден адамдардың уақытын үнемдесе, ең бастысы жемқорлыққа жол бермейді.

Руслан Көпжасаров, бағдарламалар әзірлеу компаниясының директоры

Бұл бағдарламада ештеңені көшіріп шығарудың қажеті жоқ. Өзіңіздің жеңілдіктеріңізді алға тартып қажет емес. Бағдарлама барлығын мәліметтер базасынан автоматты түрде өзі алады.

«Индиго электорнды бала бақша» жобасын жасаушылыр ел нарығында үш жылдан бері жұмыс атқарып келеді. Олардың бағдарламалары 100 пайыз отандық өнім. Оны енгізуге жергілікті бюджеттен 30 млн теңге қаражат бөлінген. Келешекте одан да жетілдіре түсеміз, дейді.       

Қуаныш Қыдырәлин, қалалық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі

Тек қана балаларды балабақшаға қою ғана емес, соның ішінде барлық автоматтандырылған түрде болады. Ол жаңағы келіп кетуі бойынша, балалардың тамақтануы, ата-аналардың белгілі бір қаражаттары бар ғой, сол қаражаттары да осы жобада енгізілген. Болашақта соның ішінде сол қаражат көлемінде болады деген жоспар бар.   

Электронды қызмет Павлодар қалалық білім бөлімінің сайтында ұсынылған. Бар болғаны баланың жеке сәйкестің нөмерін енгізсе болғаны.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
19:19, 21 мамыр 2019
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ БИЗНЕСТЕГІ КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар