ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ҮНДЕУІ Толығырақ

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

12:31, 21 ақпан 2020

Биылғы «Волонтер жылы» аясында балалар көркемсурет мектебінің оқушылары №14 балабақшада қайырымдылық акциясын өткізді. Бақша бүлдіршіндеріне ертегі сахналанып, шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Жыл бойы жалғасын табатын игі іс қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен іске асты.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №14 балабақша сәбилері қазақтың «Сараң және жомарт» ертегісінің қуыршақ театры көрінісін тамашалауда. Павлодар қалалық Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары бұл қуыршақтарды өздері жасаған. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақты мейірімділікке баулып, қамқорлыққа үндеу. Акцияның екінші бөлімінде көркемсурет мектебінің мұғалімдері мен оқушылары бақша сәбилеріне шеберлік сағатын өткізді. «Волонтер жылы» аясында ұйымдастырылған игі шара алдыағы уақытта жалғасын таппақ.  Көркемсурет мектебінің оқушылары қаланың басқа да балабақшаларында дәстүрлі түрде осы қайырымдылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр.  

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
15:28, 1 сәуір 2020
КОРОНОВИРУСТАН ТАҒЫ БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
11:21, 30 наурыз 2020
КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...