ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ

18:55, 15 мамыр 2019

Ертіс телеарнасының жаңалықтар бөлімі Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық» айдарын жалғастырады. Бүгін, Қазақтың өнерін дәріптеп жүрген жас ақын Шыңғыс Асығатұлы жайлы айтамыз.

Аяулым Рахымжанова, тілші:

Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны және сапасы жағынан айрықша орын алады. Қазақтың қанына сіңген бұл өнерге Шыңғыс тоғыз жастан бой түзеген

Шыңғысқа бұл өнер әкесінен дарыған. Еңбектің де жемісі бар. Жастайынан жас ақын жыр жаттап, терме айтып өсті. Қазір ол 12 жаста. Талай республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы атанып үлгерген. Келешекте қанаты қатайғанда үлкен айтыс сахнасында алатын олжасының қомақты болуын, барар жерінің ұзақтау болуын мақсат еткен.

Шыңғыс Асығатұлы, жас ақын:

Айтыс өнеріне, домбыраға деген сүйіспеншілігім өте үлкен. Сол себепті мен алға қарай тез ұмтыламын деп ойлймын. Домбыраны қолға алып, осы айтыс өнерін жандаңдырғым келеді.

Айтыс өнерінің көптеген түрлері бар. Шыңғысқа айтыстың шапқа-шап түрі жанына жақын. Шәкіртке тәлімгер атанған Қуанышбек Шорманов Шыңғыстың өзгеше, ешкімге ұқсамайтын бала екенің айтады. Шыңғыстың алдыңда көтепен шәкірттер дайындаған. Бірақ Шыңғыс сияқты өнерге барынша ден қойған бала байқамапты.

Қуанышбек Шорманов, айтыскер:

Шыңғыстың бойында айтысқа ыңғайлы көп элементтер бар. Бірінші ол даусы. Мысалы айтысқа дауыстың да әдемілігі керек. Көп жерде сен әдемі дауыспен де халықты тарытп кетесін.Бойына қазақи салт-дәстүрді сіңіріп келе жатқан бала.

Жас ақын биыл Талдықорғанда өткен дәстүрлі «Жыр алыбы - Жамбыл» айтыс додасына қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді. Бұл жерде Шыңғыстың ересектермен сайысқа түскенін айта кеткен жөн.

 

Аяулым РАХЫМЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...