ШҰҒЫЛ! ҚАРЫЗДАР ӨТЕЛЕДІ Толығырақ

БАҚЫТ БАЙМҰРАТҰЛЫ ӨМІРДЕН ОЗДЫ

20:19, 7 тамыз 2019

Есімі облысқа және Республика көлеміне кеңінен танымал жерлесіміз, ҚР құрметті журналисі Бақыт Баймұратұлы 75 жасында дүниеден озды. «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, Министрлік тарапынан мақтау қағаздармен және бірнеше дүркін облыс әкімі гранттарымен еңбегі еленген тұлғаның ендігі арамызда жоқтығы – Ертіс-Баян өңірі жұртшылығы үшін орыны толмас қайғы.

Қаламы қарымды журналист бар саналы ғұмырын Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетіне арнады. «Арнады» деуімізге әбден болатындай, себебі бір орында 40 жылдай тапжылмай қызмет етіп, жігіттік шақ пен зейнеткерлік жасқа жеткенше тұрақтай білу де – кез келген жанның қолынан  келе бермесі анық. Оны өз замандастары мен сол кездегі газет басшылығы да талантты тілшінің байсалды әрі саналы тірлігімен сабақтастырады. БАҚ саласынан бақытын тауып қана қоймай, өзі жүрген ортаның бақытына айнала білген кең пейілді, ақылгөй, батагөй жанды жақын-жуықтары мен жерлестері ертең ақтық сапарына шығарып салады.

 

Әсел ЖАҚСЫБАЙ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
19:08, 16 тамыз 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ – МАҚСАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ!
Толығырақ...