ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

БАҒДАРЛАМА ИГІЛІГІ

21:52, 22 қыркүйек 2020

Екібастұзда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер жаңартылуда. Биыл 8 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жоспарланған.

Бағдарлама аясында республика бюджетінен 290 млн.теңге несие берілді. Бұл қаражат Шаһардағы сегіз үйдің жөндеу жұмыстарына жұмсалмақ. Энергетик 42 көшесіндегі  үйдің жұмысы аяқталуға жақын. Жоба 54 млн теңгені құрайды.

Ержан Мұқатаев, мердігер ұйымның басшысы:

Ағашты ауыстыру, мырышталған профильді қаңылтырмен, кіреберістерді күрделі жөндеу және кіреберістердегі терезелерді ауыстыру, сондай-ақ периметр бойынша үйдің алаңын күрделі жөндеу арқылы жұмсақ шатырдан қатты шатырға толықтай қайта құру қажет.

Кейінгі жөндеу жұмыстары Энергетик 38 мекен-жайында өткізіледі.

Санат Байселдинов, Екібастұз қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының м.а:

Бүгінге дейін үш үйдегі күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, әлі үш үй жалғасуда, ал, тағы үш үйді жөндеу жоспарланған. Оның бірі - қайтарылатын қаражат есебінен.

Екібастұз қаласында әлі де 170-ке жуық үй жаңартылмақ. Мамандар ғимараттардың көпшілігі шатырды жөндеуге мұқтаж екенін атап өтті.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА, Сабина РАХИМБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар