ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

21:09, 22 қыркүйек 2020

Бүгін қаладағы әлеуметтік дүкендерге мониторинг жүргізілді. Азық-түлік бағаларында қандай өзгеріс бар?

Әлеуметтік маңызы бар шаһарда 36 әлеуметтік дүкен тұтынушыларға қызмет жасайды. Сала мамандары азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіп, бағаларын қадағалап тұрады.

Нұржан Әбішов, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің инспекторы:

Қаламызда азық-түлік бағаларына тұрақты түрде рейд жүргізіліп тұрады. Тұрғындар үшін қалада 36, оның ішінде ауылдық округтерде 4 дүкен яғни, Кенжекөл ауылында-2, Ленин кентінде-1, Жетекшіде-1 жұмыс істейді. Жалпы, Павлодар өңірінің шаруа қожалықтарының өнімдері болғандықтан, бағалары да тұрақты.

Тұрақтандыру қорынан қаланың әлеуметтік дүкендері мен сауда нүктелеріне арзандатылған тауар жеткізу қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл бағытта, макарон өнімдері, күріш, қант бағалары тұрақты. Әзірге бағаның күрт көтерілуі байқалмайды.

Жадыра Қыдырбаева, әлеуметтік дүкен сатушысы:

Гречканың бағасы 320 теңге, күріштің бағасы 260 теңге, қанттың бағасы 210 теңге. Осы жерден бар ауыл-аймақтардан, қаланың ішінен адамдар келіп, сатып алады. Баға қолжетімді.

Бұл ретте, күріш өнімі едәуір арзандағанын байқаймыз. Ал, қарақұмықтың бағасы алдағы уақытта түседі деп сендірді. Жалпы, қыркүйек айынан бастап пияз, картоп, қырыққабат, сәбіз бағалары арзандаған. Әрине, қазір күзгі маусым. Егіннің нағыз қызған шағы.

Гүлдана Рахметова, әлеуметтік дүкен сатушысы:

Қазіргі таңда маусымға байланысты жеміс-жидек, көкөніс бағалары түсіп жатыр. Иә, түсіп жатыр. Расында да. Картоптың бағасы 70.  Загатовки идут, перец сладкий бағалары түсіп жатыр. Қызанақтың бағалары тоже. Сливки деген помидор. Алма 295 теңге. Жақсы, дәмді аламалар.

Статистикаға сүйенсек, республиканың 18 қаласының арасында Павлодарда азық-түлік тауарларының бағасы төмен. Оны шаһарға келген мейманымызда айтып отыр.

Қабылбек Мадияров, Алматы қаласының тұрғыны:

Мен Алматыдан келдім осы жерге қонаққа. Мын елдегі бағалар ұнап қалды. Бізде Алматыда қымбат бәрі. Нанда қымбаттап кетті. Сіздерде болса баяғы баға. Сіздерде әбден жақсы екен. Соған қарағанда бағаларыңыз өте ұанады.  

Қала тұрғындары көбінесесе азық-түлікті әлеуметтік дүкендерден барып алады. Айта кету керек, өнімдер өз жерімізде өскендіктен бағалары да тұрақты.

 

Мөлдір САҒИДОЛЛА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар