ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ АЯҚТАЛДЫ

14:02, 21 қаңтар 2020

Қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережесін бұзатындар жиі кездеседі.

2020 жылдың 15-17 қаңтар аралығында өткен «Автобус» республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында, павлодарлық полиция қызметкерлері автобус жүргізушілері арасында 377 заң бұзушылықты анықтады.  Іс-шараның негізгі мақсаты жолаушылар мен жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілер арасында тәртіпті арттыру, желідегі бақылауды жақсарту, сонымен қатар автобус жүргізушілерінің жол ережелерін бұзу фактілерін анықтау және оған жол бермеу. Айта кетерлігі, көп жағдайда көлік соқтығысының орын алуына автобус жүргізушілері себепкер көрінеді.

Айдын Жүнісов, полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

Бұл іс-шара ІІМ бекітілген кестеге сәйкес өткізіліп отырады. Негізінен, біз тоқсанына бір рет, сондай-ақ облыстық масштабта ай сайын тәжірибе жүзінде осындай жұмыстарды жүргіземіз. Құқық бұзушылықтардың арасында өрескел заң бұзушылықтар орын алып жатыр. Мысалы, мас күйінде көлік жүргізу, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар машина басқару, көлік жүргізуге құқығы жоқ жүргізушілер сияқты заң бұзушылықтар орын алды.

Кей жағдайда олар жолдағы қозғалыс қағидасын сақтамаса, тағы біреулері рөлде келе жатып телефонмен тілдескен. Тұлпарын техникалық бақылаудан өткізбегендері мен жылдамдықты асырғандары да аз емес. Ал кейбір жүргізушінің тіпті тиісті куәлігі жоқ болып шыққан. Өз қызметкерлерін қажетті құжатсыз желіге жіберген автопарк басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Аслан ЕРТІСБАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар