ШҰҒЫЛ! ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ ЖҰРТШЫЛЫҒЫ ЕЛБАСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ ЖАЙЛЫ Толығырақ

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

12:22, 14 қыркүйек 2018

Биылғы жылы өңірімізде облыстық маңызы бар тасжолдың 462 шақырымы күрделі жөндеуден өтуде. Алайда, қыруар қаржыға салынған жолдарды жүк тасушы көліктер тас талқан етуде. Мамандар бұған ауыр салмақты көліктерге жүктің шамадан артық тиелетіндігі себеп дейді. Сол себепті облыс жолдарында бұл күндері тексеру жұмыстары күшейтіліп, рейдтік шаралар бастау алған. Оған облыстық мәслихат депутаттары, транспорттық инспекция мен жергілікті полиция мамандары да қатысуда. Кезекті рейдке арнамыздың түсірілім тобы да қатысып қайтты.

Жол – ел экономикасының күре тамыры.Сол себепті мемлекеттен бұл салаға қыруар қаржы бөлінеді. Айталық, биылғы жылы бюджеттен облыс жолдарын қалыпқа келтіруге бақандай 12 млрд, 400 млн теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа 462 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Алайда, жаңадан салынған жолдар аз уақыттың ішінде бүлініп, тозуға ұшырауда. Мәселен, мына Майқайың-Екібастұз бағытындағы тас жол былтырғы жылы ғана күрделі жөндеуден өткен. Алайда, арада жыл өтпей жатып жабындысы бұзылып, шұрық тесік жолға айналған. Мамандар бұған ауыр салмақты жүк көліктерін кінәлайды. Мәселен, мына көмір тиеген Камазға шамадан тыс жүк артылған. Ал осындай жүргізушілер кесірінен еліміздегі тас жолдар бүліруге ұшырайды дейді мамандар.

СЕРІК ТАЛДЫБАЕВ, Павлодар облысы бойынша транспорттық инспекция басшысы

Біз мұндай ауыр көлік иелерін екі түрлі әкімшілік  жауапкершілікке тартамыз. Біріншісі – жалпы айыппұл болса, екіншісі – ауыр көліктің шамадан тыс жүкпен жүріп өткен жолына байланысты салынатын айппұл. Бүгінде біз 10 күн бойында рейдтік іс-шаралар өткізудеміз. Осы күндері біз 2 млн теңгедей айыппұл салдық. Айыппұлдан бөлек, біз бұл көліктерді айып тұрағына қоямыз. Егер көлік иесі заң бұзуды тоқтатпаса, оны сотқа беріп, оның қызметін тоқтатуды сұраймыз.

Жолдағы жағдайды өз көзімен көру үшін рейдтік шараға облыстық мәслихат депутаттары да қатысты. Халық қалаулылары бұл мәселені облыс әкімі Болат Бақауовтың қатаң бақылауға алып, асыра жүк тиегін көліктердің жолда емін-еркін жүруіне тыйым салуды тапсырғанын айтты. Қазір бұл тапсырманы орындау мақсатында транспорттық инспекция мен жергілікті полиция мамандары бірлесе рейдтік шаралар өткізуде.

БАҚЫТ БЕКСЕЙІТОВА, облыстық мәслихат хатшысы

Біз өзіміз көріп тұрғандай, соңғы күндері транспорттық инспекция өз жұмысын күшейтті. Қазір нәтижерелерді көріп тұрмыз. Заң бұзатын ауыр көліктер саны анағұрлым азайды. Бұл бағыттағы жұмысты жалғастырып, бақылайтын боламыз. Депутаттармен біз де түнгі рейдтер өткізуді жоспарлап отырмыз. Сіздер білесіздер, жол жөндеуге облыстық бюджетен үлкен қаржы бөлінеді. Алайда, жк артқан көліктер бұл жолдарды бүлдіруде. Сол себепті біз осындай шаралар өткізудеміз.

Бұл бағыттағы жұмысты күшейту мақсатында транспорттық инспекцияның материалдық базасын жақсарту көзделген. Биылғы жылы  аталмыш инспекцияға бірнеше көшпелі бекеттер берілмек.

 

Қуандық ТАНАБАС

Тақырып бойынша материалдар

ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІСІНЕ АЙНАЛҒАН ТҰЛҒА
18:45, 11 қазан 2018
ДӘУРЕН АБАЕВ: ШЕРХАН МҰРТАЗА ІЗЕТТІЛІК ПЕН ЗИЯЛЫЛЫҚТЫҢ ҮЛГІС...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
19:57, 9 қазан 2018
ШАРБАҚТЫДА ДІНИ ҚАЙРАТКЕР ҒАБДУЛ-УАХИТ ТІЛЕНШІҰЛЫНЫҢ 165 ЖЫЛ...
Толығырақ...