ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ТЫНЫСЫ АШЫЛДЫ

16:08, 22 мамыр 2020

Успен ауданында да бағдарлама аясындағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Атап айтсақ, Новопакровка елді-мекеніне таза ауыз су құбыры тартылып, жаңа тас жол төселіп, тұрғын үй құрылысы қарқын алды.

Шағын ғана Новопакровка ауылының әлеуеті зор. Жақын арада бұл жерде ет комбинатының құрылысы басталады. Демек, жаңа жұмыс орыны ашылады деген сөз. Ал, «Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталса, қызметкерлерге арналған тағы бір баспананың іргетасы қаланды.

Вячеслав Симоненко, Новопокровка ауылдық округ әкімі:

«Нұрлы Ертіс» бағдарламасы аясында Новопокровка ауылында екі пәтерлі тұрғын үй салынуда. Жалпы Бір үйдің аумағы 158 шаршы метр. Қазіргі таңда жұмыстар қызу жүргізілуде. Бірінші үйдің ірге тасы қаланды. Ал, екінші үйдің құрылыс материалдары алынды. Жұмыс жалғасып жатыр. 

Елді-мекенде 400-ге жуық адам тұрады. Олардың көбі Галицкое ауылындағы шаруашылықта еңбек етеді. Шаруашылық басшысы тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Айта кетсек, былтырғы жылы аталмыш округте шағын медициналық қосын ашылған болатын.

Надежда Кононенко, Новопокровка ауылының медбикесі:

Біз Галицкое серіктестігінің басшысы Касицын Александр Анатольевичке үлкен алғысымызды білдіреміз. Ол кісінің арқасында осындай кең әрі жарық мед бөлімшеге қол жеткізіп отырмыз. Барлық керекті заттармен жабдықталған. Бұл жерде от жағудың да қажеті жоқ. Жағдай жасалған.

Сонымен қатар, бұл ауылда Кеңес дәуірінен бері сақталған ғимараттар да бар. Алдағы уақытта спорт кешені мен ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жасалмақ.

Вячеслав Симоненко, Новопокровка ауылдық округ әкімі:

Демеушілердің арқасында барлық жобалық-сметалық құжаттар дайын. Бұл жоспарға спорт кешені мен мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстары жатады. Жоспардың барлығы алдағы уақытта нәтижесін көрсетеді деп сенеміз.  

Ал, былтырғы жылы жергілікті механизаторларға арналған кең әрі жайлы тұрғын үй кешені салынған болатын. Осы атқарылып жатқан жұмыстарға қарап, шағын ауылдағы күйбің тірліктің күннен күнге дамып келе жатқандығын аңғаруға болады.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ, Гульмира БАКТИЯРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...