ШҰҒЫЛ! 5 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛЕДІ Толығырақ

АУЫЛ ТЫНЫСЫ

16:11, 22 мамыр 2020

«Ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді» демекші, ауыл әрқайсымыздың алтын бесігіміз. Суын ішіп, топырағында аунаған туған жердің көркеюіне үлес қоссақ арман жоқ-ау. Мәселен, Май ауданы Баскөл ауылының тұрғыны мектеп ауласына картоп салса, Заря ауылының тұрғыны жерлестеріне демалып отыруға арналған орындықтар орнатуда.

Бұл Баскөл ауылы Амангелді Иманов мектебінің бақшасындағы картоп егу процесі. Жергілікті шаруа қожалық иесінің бастамасын барша мектеп қолдапты. Күзде түсетін өнім білім беру ошағының асханасында пайдаланылмақ. Жалпы, картоп мектеп аумағының 150 гектар жеріне егілді. Ал, бұл Павлодар ауданы Заря ауылының тұрғыны Нұрқуат Садығазин.   Еріктілер жылы қарсаңында жерлестеріне бос уақытта серуендеп, демалу үшін өз қолымен екі орындық жасап берді. Сырлап, тіпті гүл де отырғызды. Осылайша Нұрқуаттың «Әдемі Заря» жобасын ауылдастары қолдауда. Енді, олар бірлесіп ауылда жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатпақ.

 

Самал ҚАЛИҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
21:44, 13 шілде 2020
ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР ҮШІН САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
21:39, 13 шілде 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ҚАШЫҚТАН КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар