ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ

10:28, 8 қараша 2019

Нұр-Сұлтан қаласында екінші республикалық ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Екі күндік бас қосуға еліміздің барлық аймағынан 220 қыз-келіншектер қатысуда. Олардың арасында павлодарлық делегаттар да бар.

Форумға алыс жақын шет елдерден 70-ке жуық меймандар келген. Алқалы жиынға қатысушылар қыз-келіншектердің бизнестегі рөлі, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту секілді тақырыптарды талқылады. Ал, күн тәртібіндегі басты мәселе жасыл экономикаға көшу. Әр өңірден келген форум делегаттары өз аймақтарындағы экологиялық проблемаларды ортаға салды.

Зәуреш Айымбетова, «Барсакелмес табиғи қорығының» директоры (қызылорда облысы):

Арал теңізінің табаны тұз бен шаң. Жыл сайын пәленше тонна тұз бен шаң көтеріліп ол Арктикаға дейін жеткен. Көптеген Үкімет тарапынан басқа да жобалар жүріп жатыр. Жаңағы өзіміздің жергілікті талдарды өсіру. Соның ішінде сексеуіл.  

Форумға Павлодар облысынан 15 делегат қатысып жатыр. Олардың 12-і ауыл әйелдері. Форум барысында Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру аясында БАҚ өкілдері арасында жарияланған байқаудың қорытындысы жарияланды. «Үздік телевизиялық сюжет» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынға біздің арнамыздың тілшісі Вероника Вишневская ие болды. Екі күндік форум барысында еліміздің түкпір-түкпірінен келген қыз-келіншектер мен шетелдік қонақтар пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліседі.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ   

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар