ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ШАРАЛАРЫ ЕКІ АПТАҒА ҰЗАРТЫЛДЫ Толығырақ

АУДАНДА КӘСІПКЕРЛІК ДАМУДА

16:05, 22 мамыр 2020

Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту – ел игілігін еселеу. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша Ертіс ауданында жаңа әлеуметтік нысандар ашылып, жылыжайда көкөніс өсіріледі. Ауылды жерлерде бизнес қалай дамуда?

Зүлфия Жақсылыққызы Кивашева - Ертіс ауданының тұрғыны. Ол жолдасымен отбасылық кәсіпкерлікте жүргеніне 10 жыл болыпты. Бизнестеге алғашқы қадамдары шағын дүкеннен басталса бүгінде үлкен сауда үйінің құрылысын бастады. Кәсібін кеңейту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 6 пайыздық мөлшерлемемен несие алды.

Зүлфия Кивашева, кәсіпкер:

Кәсіпкерлер бөлімі мен әкімшілік тарапынан бізге қолдау көрсетілді. Содан ойлана келе, біз осы жұмысты бастап жібердік. Әрине, ол кісілерге үлкен ризашылықтарымызды білдіреміз. Халыққа арзан азық-түлік жеткізу бірінші мақсатымыз. Қызметтер көрсету, шаштараз, дәріхана, ет өнімдері, тамақтану, күнделікті қолданылатын азық-түлік, киім-кешек сатылады.

Салынып жатқан сауда үйінің жалпы аумағы – 900 шаршы метр. Қазіргі уақытта мұнда барлық коммуникациялар тартылған. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Ашылуы шілде айына жоспарланып отыр. Ал Арман Бисембинов «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 5 миллион теңге көлемінде несие алып жеке ісін ашты. Жас кәсіпкер жылыжайда қызанақтың бірнеше түрін өсіреді.

Арман Бейсембинов, кәсіпкер:

Президентіміз жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі дегендіктен,  жылыжай бизнесімен айналысуды жөн көрдім. Қажетті металл құралғыларымен жабдықтарды Петропавл қаласынан сатып алдым. Болашақта қыс мезгілінде жылы болып тұру үшін жылу жүйесін өткізуді жоспарлап отырмын.

Жас кәсіпкер қызынақты төрт мезгіл бойы өсіруді көздеп отыр. Жиналған өнімді Ертіс ауданының дүкендеріне жүзеге асырмақшы. Сонымен қатар, Арман тағы бір жылыжай салып, қияр өсіргісі келеді. Жалпы, Ертіс ауданында мал, құс және егін шаруашылығы дамыған. Қызмет көрсету нысандары жетерлік. Бірақ, ауданға әлі де жаңа өнідірістер қажет.

Еркін Ескендіров, ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің жетекшісі:

Ауданда моншалар бар. Бірақ, сағат жасаушы, етікші жоқ. Жалпы, Ертіс ауданының суы жақсы, таза. Сондықтан, менің ұсынысым бар. Кәсіпкерлер несие алып, тазартылған су шығаратын зауытты ашуына болады.

Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған «Қарапайым заттар экономикасы» жобасына сұраныс көп. Мемлекеттік жобалар арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытып, мүмкіндігін кеңейтуде.

 

Әйгерім БОЗАНБАЕВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
11:17, 12 тамыз 2020
КАРАНТИНДІ ЖЕҢІЛДЕТУДІҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ
Толығырақ...