ШҰҒЫЛ! 31-ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРНЕШЕ НЫСАН ҚАЛЫПТЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА КІРІСЕДІ Толығырақ

АУДАН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫ

20:34, 9 тамыз 2020

Ертіс-баян өңірінің журналистері Железин ауданына барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты. Жаңажұлдыз-Петропавловка бағытындағы тас жолдың жөнделіп жатқан бөлігіне табан тіреді.

Жаңажұлдыз-Петропавловка тас жолы - республикалық маңызы бар «Тереңкөл - Петропавловка - Ресей Федерациясының шекарасы» автомобил жолын аймақтық маңызы бар «Башмачное - Озерное» автомобил жолымен жалғайды. Бұл жердегі жұмыстар қарқынды. Жергілікті әкімдік оны жақын арада аяқтаймыз,- деп отыр.

Инна Бейм, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы:

Бұл автокөлік жолының жалпы ұзындығы 35 шақырымды құрайды. Жаңажұлдыз - Петропавловка жолының бірінші кезеңі 2016-2017 жылдары аяқталды, сол кезде ол асфальтбетон бетіне айналдырусыз аяқталды. Мұнда біз жолдың бетін жақсарту үшін қайта өңдеу әдісін қолдандық.

Айта кетейік, биыл Павлодар облысында "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында ұзындығы 307,6 шақырымды құрайтын жолдарды орташа жөндеуге 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, журналистер Екішоқ ауылындағы негізі мектепке ат басын бұрды. Бұл жерде терезе блоктары, есік ойықтары ауыстырылып, мектеп аумағы абаттандырылыпты. Жөндеу жұмыстарына "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында 4 миллион теңге бөлінген.

Марат Махметов, Екішоқ негізгі орта білім беру мектебінің директоры:

30 әйнек салынды. Терезе пластикалық әйнектерге ауыстырылды. Одан кейін барып екінші есіктер ауыстырылды. Жаңадан салынды. Сол 74 жылдан бері салынбаған есіктер, жаңадан бірінші рет ауыстырылды. Содан кейін барып, есіктің алды қайтадан жөнделіп, брусчаткалар салынып, кіреберістің бәрін жөндедік.

Баспасөз туры Новомир ауылдық округінің Церковное ауылына барумен аяқталды. Ол жерде таза ауыз су құбырын салу жұмыстары жүргізілуде. Бүгін таңда мұнда 11 шақырым су құбыры желісі салынып, 99 құдық орнатылды. Және 165 ауыл тұрғынының үйіне дейін құбыр өткізілді. Нысан биыл пайдалануға берілмек.

 

Зұлқарнай ЕРМҰРАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
10:46, 24 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...