ШҰҒЫЛ! ӘЛЕУМЕТТІҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРАТЫН ЖЕДЕЛ ШАРАЛАР Толығырақ

АРЫС. БІЗ БІРГЕМІЗ!

19:07, 11 шілде 2019

Түркістан облысының Арыс қаласынан пойызбен 173 бала демалуға келді. Павлодар теміржолында демалушыларды Ертіс-Баян өңірінің жұрты шағын ұйымдастырылған концертпен қарсы алды. Тәрбиешілерімен келген балалар екі топқа бөлініп, Ақсудағы феррақорытпа зауытының лагері мен Шарбақтыдағы «Шағала» демалыс орнына жіберілді.

Павлодар теміржолында таңнан бастап жиналған адам саны көп. Барлығы Арыс қаласынан келетін балаларды қарсы алушылар. Пойыз дәл уақытында кешікпей таңғы сағат 8:00 де теміржол бекетіне кеп тоқтады.

Аяулым Рахимжанова, тілші:

Түкістан облысының Арыс қаласындағы төтенше оқиғадан кейін өңіріміз 300 баланы аймақтағы демалыс орындарында тегін демалтуға шешім қабылдаған болатын. Естеріңізге  сала кетсек, Арыстан келген 130 бала мен бастап келген тоғыз тәрбиеші Баянауылдағы «Жас Дәурен» лагерінде демалуда. Бүгін балалардың 170-ге жуық екінші легін қарсы алудамыз.

Оңтүстік өңірден келген жас қонақтар бейтаныс жерге таңырқай қарайды. Бірақ көздерінен қуаныш байқалады. Балақайларды павлодарлық қонақжай халық кернейлетіп сырнайлатып салтанатпен қарсы алды.

Арыс қаласынан 173 бала және 8 тәрбиеші келді. Олардың қатарында Салтанат Орынбасарова да  бар. Ол 3 баланың анасы. Демалысқа екі ұлын ерте келген. Балаларға бас көз болу үшін тәрбиеші қызметінде лагерде жұмыс жасайды.

Салтанат Орынбасарова, Арыс қаласының тұрғыны:

Павлодар қаласына бірінші рет келіп отырмыз. Демалысымыз жақсы өтеді деген сенімдеміз. Сіздерге көп-көп алғысымызды жолдаймыз. Менің үш балам бар. Екеуі келді, біреуі қалды. Мен осы 173 баланың тәрбиешісі болып сіздерге қонаққа келдік.

Арыстан келген Нұрбақыт Тортай 12 жаста. Отбасында 3 бала. Нұрбақыт өзінің 6 жастағы Нұрдәулет есімді інісімен және анасымен бірге келген. Барлығы да солтүстік өңірге алғаш рет аяқ басып отыр. 

Нұрбақыт Тортай, демалушы:

Мен Арыс қаласында тұрамын. Павлодарға келгеніме өте қуаныштымын. Ініммен және анаммен келдім. Осы лагердегі 10 күнім жақсы өтеді деп ойлаймын.

Қарсы алушылардың қатарында облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов болды. Оның сөзінше, балаларға өңіріміздің мұражайлары мен басқа да мәдени орындарына экскурсия ұйымдастырылады.

Асхат Оралов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары:

Екінші кезеңде келген балалар Ақсу Мен Шарбақты аудандарында болса да, біз арнайы Баянауылға саяхат жасап, барша әдемә табиғатымызды, жерлерімізді көрсетеміз деген жоспарымыз бар.

Қазір өңірде балаларды қабылдауға бірнеше жазғы лагерлер дайын. Бүгінгі келген 173 бала бірден екі топқа бөлініп Ақсу қаласындағы «Феррақорытпа» зауытының лагері мен Шарбақтыдағы «Шағала» демалыс орнына аттанады.

Дінислам Болатханұлы, облыстық білім басқармасының басшысы:

Келетін балаларға да бар жағдай жасалынады. ERG компаниясына үлкен алғысымызды айтқымыз келеді. Осы 100 баланы Ақсу қаласындағы «Феррақорытпашы» деген лагерде демалдырғалы жатыр. Бұл жерде тағы біз 15 күнді жоспарлап отырмыз. Енді негізінен оларды 1 ай уақытқа демалудыруға дайынбыз.

Биыл жазда Павлодар облысы Арыс қаласының 300 оқушысын өңірде тегін демалдыруға шешім қабылдаған. Бұған дейін келген 130 бала Баянауылдағы «Жас Дәурен» лагерінде тынығып жатыр. Осы сенбіде ауылдарына қайтады.

 

Аяулым РАХИМЖАНОВА, Досымбек ТОҚАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
19:01, 22 шілде 2019
ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДА КЕЗЕКТІ РЕЙД ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
18:55, 22 шілде 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
18:47, 18 шілде 2019
ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...