ШҰҒЫЛ! COVID-19-БЕН КҮРЕСУДІҢ ҚОСЫМША ШАРАЛАРЫ Толығырақ

АРХИВШІЛЕР КҮНІ ПАЙДА БОЛДЫ

19:20, 13 қаңтар 2021

Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды. Еліміздің мерекелік тізбесіне архившілер күні енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 22-желтоқсан аталған сала қызметкерлерінің күні болып бекітілді.

Бұған дейін 9-маусым халықаралық архив күні бірін-бірі құттықтайтын мұрағат қызметкерлерінің енді қазақстандық, төл мерекесі бар. Өткеннің айнасы, тарихи жадының сақтаушысы облыстық мұрағатта жүзден аса маман қызмет етеді. Олар бұл жаңалықты қуана қарсы алды.

Мәншүк Байзелдинова, Павлодар облыстық мемлекеттік архивінің басшысы:

Архив саласының қызметкерлерін осылай елеп үлкен даталы күнді осылай бекіткені үшін шынымен де архив саласының қызметкерлері атынан өзіміздің осы Павлодар облсысы мемлекеттік архивы атынан да өзіміздің үкіметімізге ризашылығымызды білдіреміз.

Құнды құжаттарды сақтау, қаттау  бағытында облыстық мұрағат өткен пандемия жылында да ауқымды істер атқарылды. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арнап «Жеңімпаздар» атты 3 томдық кітап, «Боздақтар»  жинағы жарық көрді. Алдағы уақытта да  төл тарихты түгендейтін серпінді жобаларды жоспарлап отыр. Оған «Архив-2025»  бағдарламасы сеп болмақ.

Мәншүк Байзелдинова, Павлодар облыстық мемлекеттік архивінің басшысы:

Омбы қаласына барып сонда Павлодар облысына қатысты құжаттарды жинап үлкен бір архивтік құжат шығаратын ойымыз бар, яғни жинақ. Осының бәрін де қазір алға қойып отырмыз.

2018 жылдан бері цифрлық жүйеге көшкен облыстық архивте 26 мың құжат сандық жүйеге аударылды. Ол биыл да жалғасын таппақ. Құнды құжаттар электрондық жүйеге көшірілсе де қағаздағы тарих сол қалпы сақталмақ.

 

Гүлсара МӘЛІКОВА

Тақырып бойынша материалдар

БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
20:24, 15 қаңтар 2021
БҮГІН ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
Толығырақ...
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
20:19, 15 қаңтар 2021
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР: СОЦИАЛ ӘЙТЕНОВ – 75 ЖАС
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
20:16, 15 қаңтар 2021
ТҰРҒЫНДАР: КӘРІЗ ҚҰДЫҚТАРЫ ЛАС СУҒА ТОЛЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
19:32, 11 қаңтар 2021
ЫСТЫҚ СУ ТОЛЫ ШҰҢҚЫРҒА ҚҰЛАҒАН ӘЙЕЛДІҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР
Толығырақ...