ШҰҒЫЛ! ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДАҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР Толығырақ

АРДАГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАҢА ЗАҢ

19:43, 4 желтоқсан 2019

Елімізде ардагерлер туралы болашақ заң жобасы қоғамдық талқылауға түсті. Жаңа заңда соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктерге қатысты өзгертулер бар. Павлодарлық ардагерлер де өздеріне қатысты құжатқа үлестерін қосып, ұсыныстарын айтты.

Ардагерлер үйінде өткен жиынға облыстық және қалалық ардагерлер кеңестерінің өкілдері, Чернобыль белсенділері, интернационалист жауынгерлер және облыстағы өз ұсыныстарын білдіргісі келетін барлық адамдар бас қосты. Бұл заң барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеуді көздейді. Елімізде, Екінші дүниежүзілік соғыспен бірге Ауған соғысының ардагерлері де бар. Сол себепті, жеңілдіктердің бәрін бір заңға топтастыру қарастырылған.

Гүлнәр Камалова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:  

Егер бұрынғы заңның ескі нұсқасы бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктері бар адамдарға, тыл еңбеккерлеріне және т.с.с. бөлінген болса, бүгінде бес санат бойынша бөлінетін болады. Бұл жерде тек Ұлы Отан соғысының қатысушылары, басқа елдердедегі соғыс жауынгерлері және басқалары болады.

Сондай-ақ қазіргі таңда баспана мәселесі өзекті болып отыр. Ұсыныстардың бірі мемлекеттен пәтер алудың басымдылығы туралы болды.

Байғабыл Майкөтов, «Павлодар мен облыстағы ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі» директоры:

Қазір біздің елімізде 50 жастан асқан ерлер бар, ардагерлердің ең жасы осы жаста. Қарап тұрсақ, олардың әлі баспанасы жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың барлығы баспаналы болды және олардан кейін соғысты көрген біз, олардың ізбасарлары болып табыламыз. Ұлы Отан соғысы сияқты қантөгіс болды, бірақ, әрине, біздің территорияда емес. Біз ең бастысы бұйрықты орындадық.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері, кездесуде айтылған әрбір ұсыныс назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Айта кетерлігі, бірнеше күннен кейін павлодарлық белсенділердің барлық ұсыныстары, жоғарыдағы органдарға қарау үшін жіберіледі.

 

Автор: Аслан ЕРТІСБАЕВ, Вероника ВИШНЕВСКАЯ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
12:52, 17 қаңтар 2020
БАЛЫҚТЫ ЗАҢСЫЗ АУЛАҒАНДАР ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ
Толығырақ...